В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ульяна2732
Ульяна2732
12.07.2022 15:10 •  Қазақ тiлi

61. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айт.өтінем он сөйлемнен көп қылып жазыныздарш


61. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айт.өтінем он сөйлемнен көп қылып жазыныздарш

Показать ответ
Ответ:
максим885б
максим885б
29.03.2023 22:34
Адалдық – ардың ісі дейтін болсақ, ауылдың қара жолында шаңғытып ойнап өскен бала қанша елді аралап, қанша жердің дәмін татса да, туған топырағының бақалы көлі мен балдырғанды жеріне адалдығын еш өзгертпек емес. Негізі, а өзі жаратылған топырақпен тамырлас. Қаншама академик-профессорлардан алған сан-салалы білімнің шетін ұстап жүрсең де, туған жеріңнің аты аталса, құлағыңды тосып елеңдей қаласың. Тіпті «Әр бақа өз көлшігін мақтайды» дегендей, дәл сенің ауылың, дәл сенің ауылыңның адамдары басқаларға ұқсамайтынын айтып, көңілің алабұртып, көзің ойнап шыға келесің. Бұл – туған жердің, балалық бақыттың құдіреті. Кейіннен ел тізгінін ұстап, мақтаулы маман, атпал азамат болған жандардың өз ауылын ұмытпай, тіршілігіне араласып отырғанын көргенде, осы құдіреттің жүрек түкпірінен өшпегеніне куә боласың. Өзім білетін сондай бір азаматтың өмір жолы туралы жазылған Қайнар Олжайдың «Қара нары қазақтың – Ұзақбай Қараманов» атты кітабын оқи отырып, осындай толғанысты басымнан кешірдім.

Қазағымның қайтпас  қара нарысың,
Туған елдің абыройы, арысың.
Тайталаста тайдырмаған
намысын,
Ұрпағыңа қасиетің дарысын, – деген ақын жолдарымен басталған бұл кітап басынан аяғына дейін қазақтың қара нары, елінің сыйлы да ұлағатты азаматы, қоғам қай­раткері Ұзақбай Қарамановтың өмір жолы мен қызметіне арналыпты.
Ұзекеңмен мен біраздан таныспын, өзін көрмей тұрып, бірінші атына қанықтым. Құрылыс инженері мамандығы қазақ жерінде тек 60-жылдардың басында ғана қалыптаса бастады, дәлірек айтсақ, осы мамандық бойынша алғашқы түлектер 1962 жылы еліміздің құрылыс индустриясын дамытуға қанат қаққан еді. Сол алғашқы түлектердің бірі болғаным – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақ даласында сәулет өнері кенже қалған дүние емес: қалалар, астаналарды айтпағанда, жаз-жайлаудан кейін қыстың қатал ызғарында ық, пана болатын қыстақтар салынғаны бұрыннан-ақ белгілі, бірақ халықтың басым көпшілігі үшін құрылыс ісі атакәсіп болып қалыптаспаған. Сондықтан да болар, сол 60-жылдардың басында құрылысшы жұмысшылардың арасында қазақтар некен-саяқ кездесетін, қыз-келіншектер тіпті болмайтын да. Қазіргі Никольский шіркеуінің қасындағы базардың маңында университет жатақханасын салып жат­қан бригадаға бір қазақ қызының жұмысқа келуі үлкен оқиға болған.Бұл жайттың тосын әрі қызық болып көрінгені соншалық, Алматы қаласы бойынша құрылыс-монтаж басқармаларында (СМУ-17) қызмет атқаратын 3-4 қаралы қазақ жігіті сол қызды көруге барғанбыз. Ол кезде құрылысшы қыз-келіншектердің бәрі орыстар болатын, солардың ішінен кәдімгі жұмысшының комбинезонын киіп, қолына сылақшының құралын ұстаған қазағымыздың қараторысы көзге оттай басылған еді.Ол уақыттарда қыз баланың құрылыс ісінде қара жұмыс істегені, әрине, қазақ тәрбиесіне жат нәрсе еді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
fffffffhhhhhh
fffffffhhhhhh
30.04.2021 14:19

Үстеулер

Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.

Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

1. Мезгіл үстеулер

2. Мекен үстеулер

3. Мөлшер үстеулері

4. Сын (бейне) үстеулері

5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

6. Мақсат үстеулері

7. Себеп-салдар үстеулері

8. Топтау (бөлу) үстеулері

Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеулер

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

Сын (бейне) үстеулері

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

Мөлшер үстеулері

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

Мақсат үстеулері

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

Себеп-салдар үстеулері

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

Үстеу сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота