62. Сурет бойынша мәтіннің қай түрін құрастыруға болады? Жар-
нама ма, репортаж ба?
• Құраған жұмыстарыңды өзара тексеріңдер. Сөздердің, қатесіз
жазылғанына көз жеткіз. Сөйлемдер дұрыс құрылған ба? Дұрыс ку-
былмаса, қандай ұсыныс бере аласың?
• Ой қорытындысы дұрыс жасалған ба?
Сөйлемге грамматикалық (морфологиялық+синтаксистік) талдау.
1) Синтаксистік талдау:
Келе жатқан – баяндауыш (не істеген)
Кестелеп тігу – бастауыш (не?)
Адам (ның) – анықтауыш (кімнің?)
Бейнесін,тұлғасын – толықтауыш (несін?)
Халқымызда – толықтауыш (немізде?)
Бұрыннан – пысықтауыш (қашаннан?).
2) Морфологиялық талдау:
1.Адам – түбір сөз (зат есім).
2.Бейнесін
Бейне – түбірі (зат есім),+сі – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
3.Тұлғасын
Тұлға – түбірі (зат есім),+сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
4.Кестелеп
Кестеле – түбірі (етістік),+п – көсемше жұрнағы.
5.Тігу
Тіг (к) – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы.
6.Халқымызда
Хал(ы)қ – түбірі (зат есім),+ымыз – тәуелдік жалғауының І жағы,+да – жатыс септік жалғауы.
7.Бұрыннан
Бұрын – түбірі (үстеу),+нан – шығыс септік жалғауы.
8.Келе
Кел – түбірі (етістік),+е – көсемше жұрнағы.
9.Жатқан
Жат (жатыр) – түбірі (қалып етістігі),+қан – есімше жұрнағы.