7. Өлеңді оқы. Табамын жерден керегін,
Аспанда зулап келемін.
Аспан мен Жерді жалғаған,
Шарықта көкте, өлеңім.
Биіктен туды көремін,
Өрелі менің өз елім,
Еңсесі биік Ақорда,
Еңкейіп кіріп келемін.
Шаңырақ - мынау шалқыған,
Ұрпағым жүрер айтып ән.
Елтаңба тұрар ескертіп,
Айналайын халқымнан!
Бубішхан Тікебаева
• Өлеңге ат қой. Өлеңдегі негізгі ойды анықта.
• Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Қай кезде орындалып
тұрған қимылды білдіріп тұр?
Қазақстанымыздың көрікті жерлері өте көп. Атап айта кетсек:Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы,өте әдемі қала.
Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп.
Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Каспий және Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша 3-орында. Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады.
Еліміздің көрікті жерлері бұнымен тоқтап қалған жоқ,тағы да басқа әдемі жерлер жетерлік.
1)Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы.
2) табиғи-географиялық; мәдени-тарихи;-экономикалық; әлеуметтік;
демографиялық; саяси-құқықтық; технологиялық; экологиялық.
3) Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Осы орайда Қазақстан білім беру туризмін дамыту үшін болашағы бар ел и 5 я не смогла ответить