В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ecli
Ecli
06.11.2022 11:12 •  Қазақ тiлi

7-сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары1-билет1. сұраулы сөйлем. жасалу жолдары.2. шылаудың түрлері3. мына шылауларды қатыстырып сөйлем құра. туралы, біресе, немесе2-билет1. етістік дегеніміз не? 2 мысал жаз2. қалау райдың жасалу жолдары3. бару - тұйық етістікті септе3-билет1. сын есім деген не ? 3 мысал келтір2. тәуелдік жалғау1. етістіктің өткен шағы. мысал келтір2. етістіктің райлары3. санау- шартты райға қой5-билет1. бұйрық рай дегеніміз не? мысал келтір2. екі-екіден сан есімін септе3.жүру-ашық шартты рай6-билет1. етістіктің шақтарына мысал жаз2. сын есімнің шырайларын мысалмен дәлелде3. глобус, пойыз, ұшақ- сөйлем құра7-билет1. үстеу дегеніміз не? мысал келтір2. термин сөздер3. сөзіне фонетикалық талдау жаса8-билет1. қазақтың ұлттық аспаптары туралы әңгімеле2. етістікке мысал келтір3. кітап сөзін тәуелде9-билет1. етістіктің райлары туралы не білесің ? 2. қос сөздер дегеніміз не? мысал келтір3.2013,9058,5876,1917,181 сөзбен жаз10-билет1. сан есім дегеніміз не? 2. осы шақ дегеніміз не? мысал келтір3. бес оқушы, екінші катар сөздерін септе. ​

Показать ответ
Ответ:
minyaaaaaaaaaaaaaaa
minyaaaaaaaaaaaaaaa
05.11.2020 07:39

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
69TanyaKoT69myr
69TanyaKoT69myr
12.03.2023 23:28

1. Ұйымдастыру.

2.. Сабаққа кіріспе

«Ой шақыру» стратегиясы бойынша сыныпқа төмендегіше сұрақтар қойдым

1. Әңгіменің «Қонақтар» деп аталуында қандай сыр бар?

2. Сапабектердің қонақтардан қандай айырмашылықтары бар?

- Оқушылар қонақтың мейман екендігін, қарттардың өз бала - келіндерінің өздеріне «қонақ»ретінде келіп - кеткендіктерін, сондықтан да шығарманың осылай аталып тұрғанын айтып өтті.

3.- Автордың көзқарасын, оқушылар ойларын мәтін мазмұны арқылы дәлелдеген соң, «Блум жүйесі» стратегиясы бойынша мәтінге анализ - синтез жасау үшін сабақ жоспарына сай әр бөлімдегі түйінді ойды тапқызып, сатылай кешенді талдау сызбасы үлгісімен орналастырттым.

1. Балаларын күткен қарттар

Тапсырма: мәтіннен сәйкес тұстарын тауып оқып, түйінді ойды белгілеу. Оқушылар жоспарға сәйкес абзацтарды мәтіннен тауып оқып, түйінді ойды Сағыныш деп алды.

2. Терең ой

Тапсырма: Екі қарттың терең ойға берілген тұстағы диалогын оқып, түйінді ойды табу. Оқушылар диалогты тауып оқып, түйінді ойды «Жалған дүние» деп белгіледі.

3. Өткен күндер елесі

Тапсырма: видеосюжеттегі ой мен мәтіндегі ойдың ұқсастығын ұғыну, шығарманы тану, түйінді ойды табу. Екі қарттың да ойлары бірдей, туған жерге деген перзенттік махаббат. Сондықтан сол сүйіспеншілік сезім «Атамекен»деп танылды.

4. Қара шаңырақ

Тапсырма: Қара шаңырақтағы үлкен сезім, түйінді ойды табу, афоризмді белгілеу. Оқушылар мәтінде берілген «Қуанғанмен қорыққан бірдей» афоризмін тауып, сол сәтте қарттардың үлкен қуаныш сезімінде болғандығын айтып, түйінді ойды Қуаныш деп тапты.

5. Қитар немере, томаға тұйық келін, түсінігі бөлек ұл

Тапсырма: сәйкесті абзацтарды тауып оқу, халқымыздың нақыл сөздері арқылы ой қорыту. Кейіпкерлердің іс - әрекеттерін мәтіннен тауып оқи отырып, «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда»тәрізді нақыл сөздерді автор ойымен байланыстырып, қарттардың ниетіне сай балалардан іс - әрекет байқалмады деп, түйінді ойды Үзілген үміт деп алды.

6. Ауылдан аттанған жолаушылар

Тапсырма: әңгіме шешімінен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, түйінді ойды белгілеу. Оқушылар мәтіннен әңгіме шешімін оқи отыра, ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, түйінді ойды «Құлазыған көңіл»деп тапты.

3. Анықталған түйінді сөздер мағынасын «Екі жақты түсініктеме күнделігіне» толтыру тапсырылды.

- Оқушылар «Екі жақты түсініктеме күнделікті» толтыру арқылы анықталған түйінді сөздердің мән - мағынасын қысқаша былай деп ашты яғни, атамекен біздің туған жер алтын бесігіміз болса, қалғандары өмірдің бір сәттері екен.

4. Әр адамның өзінің биік мақсаты, ұстанымы, көзқарасы болады. Автордың көзқарасымен біз таныспыз. Енді оқушылар көзқарасын «Айдарлар құру стратегиясы» бойынша топтастырдым. Кестені оқушылар әдеттегіше қ жүйемен толтырып шықты. Кестені қарай отыра оқушыларды сөйлеттім.

Оқушылар жұмысын сараптағанда олардың ойының әртүрлілігі, біреулері қартты жақтаса, біреулері Сапабектің де бағыты дұрыс, қазір ауылда жұмыс жоқ, ол - оқыған, білімді, ал білімділер Қазақстанның болашағы деген пікірді, немерені қалдырмаудың да дұрыстығын, тау баласының тауға қарап өсетіндігін, ауылда балабақшаның жоқтығын т. б. дәлелдеп пікір қосты. Әрине, көзқарастар әртүрлі, дұрыс - бұрыс деп бөле айтуға болмайды, сондықтан теледидар бағдарламаларының бірінен үзінді көрсетілді, тақырыбы мен әңгіме желісін еске түсіру сұралды.

- Мүмкін емес, әңгіме желісі - қарттар үйіндегі жағдай. Оқушылар бағдарламаны көргендіктерін, ондағы дендері сау болғанымен жүректері мұң мен шерге толы қариялар туралы ой қозғады, обал, сауап, ұят, иман ұғымдарын сөз етті.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота