7-сынып, «Қазақ тілі Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.
Окылым
Mariaі мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындады.
Компьютерлік графика әртүрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды,
мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алатын информатиканың саласы.
Қазір кез келген мекемеде газеттер-журналға, жарнамаларға тапсырыс беру немесе
жарнамалык парақшалар мен буклеттер басып шығару кажеттілігі туындайды. Олардың
кейбіреулері арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырыс берсе,
кейбіреулері программалық құралдарды пайдаланып, өздері жасайды.
Компьютерлік графиканың түрлері:
Ғылыми графика - Ең алғашқы графика, тек ғылыми және өндірістік есептерді
шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді өңдеп, графиктер, мен
диаграммалар, сызбалар тұргызган. Символдық режимде басып шығаратын.
Іскерлік графика - қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін, жоспарын,
жетістіктерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі
түрде ұсынатын графика. Электрондық кестелер арқылы жасалады.
Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа
техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Бұл - ЖАЖ-
дын (жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі. Конструкторлық графика
құралдарын пайдаланып, жазықтықтағы кескіндерді (проекция, сызба) ғана емес,
кеңістіктегі үш өлшемді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет
салу мен сызуды айтады. Бұнда қолданылатын карапайым программалық жабдықтарды
графикалық редакторлар деп атайды.
Жарнамалық графика - теледидар пайда болғаннан кейін шыкты. Қазір
компьютермен жарнамалық роликтер. мультфильмдер, компьютерлік ойындар,
видеодəрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын
графикалық пакеттер компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығын қажет етеді.
(191 сөз)
1. Мәтін не туралы? Бір сойлеммен гана жауап беріңіз.
2. Мәтіндегі мәліметтерді кестесьба түрінде ұсыныныз.
Компьютерлік графика түрлер
Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!
Мен болашақта кім болам?
Әрине әрбір адам болашақта бір мамандықтың иесі болады. Менің арманым болашақта ұстаз болғым келеді. Маған әліппені ұстатып сауатымды ашқан Қазиева Гулмира апай. Ол маған өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүр. Сондықтанда мен өз ұстазым секілді болғым келеді. Ұстаз ол құрметті, зор мәртебеге лайық жандардың бірі. Ұстаз жалғыз өзі көптеген балалардын сауатын ашып білім беріп білгенін оқушылармен бөлісіп жүреді. Ғалымдар, жазушылар, шахтёрлар, кәсіпкерлердің де өзінің ардақты ұстазы болады. Биыл біз бастауыш сыныпты аяқтаймыз.”Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” - дегендей менде өз ұстазым секілді үлгілі мұғалім болғым келеді”.