В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
blurryriden
blurryriden
04.11.2022 09:55 •  Қазақ тiлi

7-тапсырма. Өлеңдегі ақынның ішкі сезімін білдіріп тұрған фразеоло- гизмдер мен ауыспалы мағынадағы сөздерді теріп жаз.​

Показать ответ
Ответ:
Stuart11
Stuart11
16.03.2023 14:11

Күшігім еркелей білетін,

Кейде ол шәуілдеп үретін.

Жата қап аяғын көтерсе

Көргендер еріксіз күлетін.

Тойған соң томпайып жататын,

Бір тәтті ұйқыға бататын.

Түсінде мысықпен алысып,

Жүретін бөлмеде жарысып.

Қарасам, міне енді өсіпті,

Ит бопты кәдімгі қабаған.

Әуелі өзіме өшікті

Күнәм жоқ бір рет сабаған.

Мақтайды біреулер даурығып,

Қасқыр деп итімді қабаған.

Мен жүрмін кете алмай айығып,

Өз итім түсірген жарадан,

***

Отырсам үндемей үйімде,

Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.

Келуші көбейіп кетеді

Шашымның ағынан сүюге.

Мақтауға бәрі әзір, жайдары

Мейрімнің ағаға шегі жоқ.

Ақтарар сырларын қайдағы,

Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.

Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,

Әділдік сөйлесем болғаны,

Біреуі алып қап алқымнан,

Союға әзір тұр қалғаны...

Тойған соң жататын пырылдап

Мен мысық емеспін, достарым,

Жан болып жүрген сон, шырылдап

Айтамын арымның қосканын

0,0(0 оценок)
Ответ:
BayntuMix
BayntuMix
05.11.2021 06:18

Объяснение:

Тіршілік заңдылығы бойынша, жарық дүниеге келген әрбір адам өмірге өз парызымен келеді. Ол өмір сүру, шама-шарқынша қоғам дамуына ықпал ету, генетикалық тұрғыдан адамзат қоғамының тектік қорына үлес қосу. Мақала кейіпкері, менің әжем Мәриамкүл Болатайқызы бір әулеттің ынтымақ-бірлігін уысында ұстаған, ауылдың ырыс-берекесіне мұрындық болған, балаларын ел азаматы деңгейіне жеткізіп, өрелі немере-шөбере, шөпшек өрбіткен асыл ана. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Мәриамкүл әжемнің жеті баласынан тараған ұрпақтары бұл күнде қара ормандай қалың бір қауым елге айналған. 

«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дегендей, толассыз тіршілік күйбеңімен уақыттың зулап өткенін байқамай да қаласың. Дегенмен, көңілде мықтап сақталатын аяулы жандар да бар екенін мойындау керек. Сондай жандардың бірі – менің әжем Мәриамкүл Болатай қажы қызы. Әжемізді бүкіл әулет, тұтастай ауыл, әкеміз де «апа» деп атаушы еді. Жарқын жүзінен шуақ шашылған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған апам марқұм ақ батасымен, шын пейілімен ұрпағының тілеуін тілеп, айналасын мейіріммен нұрландырып отыратын. Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, ырызғысын сұрап жалбарынатын, күндіз дастарқанға берген ықыласында да алақан жайып Алладан ұрпағының амандығын, несібесін тілеп, жатарда да осы тілегін қайталап айтып, мінәжат етіп жүретін.

Әжем – табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан ажарлы, бітімі бөлек, ойы зерек, талғамы терең зиялы жан еді. Табиғат заңдылығы бойынша күллі тіршілік иесі ұрпақ өрбіту, оны баулып өсіру, тәрбие беру тәсілдерін тектік деңгейде жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ететіні белгілі жайт. Тек арқылы берілген тәрбие адам дамуының өзекті мәселесі, басқа тәрбиелердің ықпалын қабылдау тектілік тегеуріне тікелей байланыс­ты. Тектілік ұялаған әулетте бойжеткен апам жеті атасынан қаракөк үзілмеген отбасына келін болып түсті. Жаратқанның маңдайға жазған сыйы болар. Намазын қаза қылмаған әжем, Аллаға мінәжат жасап, тынымсыз тірлігімен отбасы ырысын қамдап, ауылдың берекесін байырқалатты. Алладан мейір, ағайын-туыстан пейіл сұрап, ұрпағының тілеушісі болды. Әжем әулеттің түп қазығы, ұйытқысы бола білді. Ес білгенде көңілге түйгенім, әулет қана емес, ауыл құрметіне бөленген, ағайын туыстың тірегіне айналған абыз жан болды. Балалары, жасы үлкен-кіші 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота