В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
TheMissteress
TheMissteress
12.09.2021 15:06 •  Қазақ тiлi

7. -тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықта. Кестені
толтыр.

өткен шақ
Осы шақ
келер шақ​


7. -тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықта. Кестенітолтыр.Nºөткен шақОсы шақкел

Показать ответ
Ответ:
TheTanyaStar2k
TheTanyaStar2k
10.10.2020 12:19

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, сұрапыл жылдардағы естеліктері мен жылы лебіздерін тыңдап қайтты. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында милиция қызметі ардагерлерінің арасында 9 майдангер, 28 тыл еңбеккері мен соғысқа қатысқандардың 8 жесірі бар.

Шаяхмет Мырзақанов – 90 жаста. Сол бір сұрапыл жылдар Ұлы Отан соғысы ардагерінің әлі есінде. Соғыстан кейінгі жылдары ол Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында қызмет атқаруды жалғастырған. Ол әр жыл сайын өзге ардагерлермен бірге туған ведомствосына құрметті қонақтардың қатарында келіп тұрады. Үстіміздегі жылы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен ведомстводағы ардагерлер кеңесінің мүшелері қарт сарбаздың үйіне халін сұрай келді. Жеңіс күні қарсаңында майдангердің кеудесіне медаль тағып, материалдық көмек және сыйлықтарын табыстады. Ал ақсақал отты жылдары бастан өткерген естеліктерімен бөлісті. «Сіздің ерлігіңіз – батылдықтың, әскери және азаматтық міндетке берілгендіктің үлгісі. Сіздің ерлігіңіз әрдайым біздің жадымызда. Оны ұрпақтан ұрпаққа айтып отыратын боламыз. Осындай бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін, Жеңіс үшін алғысымыз шексіз», – деді ІІД бастығы майдангердің үйінде. Шаяхмет Мырзақанұлы қонақтарға келгендері үшін алғысын айтып, еңбек және өмір жолы жайлы естеліктерін әңгімеледі. Сұрапыл жылдардағы ерліктерімен Прасковья Кочнева да бөлісті. Ол көп жылдар бойы азаматтардың құжаттары мен куәліктерін дайындаушы болып қызмет атқарыпты. Капитан шенінде зейнетке шыққан. ІІД Әйелдер кеңесінің өкілдеріне генерал ұлы мен подполковник немерелері жайлы мақтанышпен айтып, бүгінгі полицияның жұмысы туралы сұрастырды. Облыстық ІІД медициналық қызметінің басшылығы да осы сынды шараларды қолға алып, 30 жыл адал қызмет атқарған Борис Иванович Пьяновқа келді. Соғыс аяқталған уақытта ол 9 жаста болған. Оның есінде соғыстан кейінгі жылдар ғана қалған. Хирург болып қызмет атқарып, кейін 1972 жылы ішкі істер органдарына медициналық қызметке ауысыпты. Запастағы подполковник ардагер жас қызметкерлермен жинақтаған тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, елде тыныштық пен таулықтың болуын тіледі. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық полицейлер Жеңіс күні қарсаңында жерлес, Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Чижиковті еске алды. Салтанатты шара Қызылжар ауданының Березовка селосында өтті. Ардагер өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында бастаған. КСРО ІІМ Алматыдағы офицерлер мектебін тәмамдаған соң, Түмен облысына қызметке жіберілді. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының Воронеж облысында милиция қатарында қызмет істеген. Майданда жүріп қалаларды жаудан азат ету кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы, Алтын Жұлдыз медалі мен Ленин ордені берілген. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
zarinkakoshzhan
zarinkakoshzhan
04.03.2020 16:02

Бауыржан Момышұлы.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс  ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.

Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.

Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота