7-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, сұраққа жазбаша жауап беріңдер. 1. «Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек — ырыстың бұлағы» тақырыбы бойынша не үйрендіңдер?
2. Сен үшін тақырыптың құнды жақтары қандай болды?
3. Өзіңнің, жолдастарыңның білімін бағала (өз жұмысыңа, жолдастарың-
ның топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола ма?)
4. Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?
5. Осы тақырып бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың?
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан –
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.
Фотоөнер - қас қағым сәттің өмірліқ шежіресі. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді.
Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Олардың авторлық құқықтары, қаламақы және де басқа әлеуметтік жағдайлары заңның аясында шешілген және заңмен қорғалған. Мысалы, Балтық елдеріндегі 12 азамат фотоөнерден Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.