8. Адамның ойлап тапқандарының барлығы тек жақсылыққа қызмет етті ме? Қазіргі заманнан мысал келтіріп айтыңдар. Ғылым-білім жаңалығы Адамға пайдасы мен зияны
Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба,Құмарланып шаттанбаОйнап босқа күлуге,Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ -Бес дұшпаның білсеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым ойлап қой -Бес асыл іс көрсеңіз. Жамандық көрсең нәфритлі,Суытып көңіл тыйсаңыз.Жақсылық көрсең ғибрәтлі,Оны ойға жисаңыз.Ғалым болмай немене,Балалықты қисаңыз?Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер,Жанбай жатып сөнсеңіз?Дүние де өзі, мал да өзі,Ғылымға көңіл берсеңіз.Білгендердің сөзінеМахаббатпен ерсеңіз.Ақыл сенбей сенбеңіз,Бір іске кез келсеңіз.Ақсақал айтты, бай айтты,Кім болса мейлі, сол айтты -Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме,Шын сөзбенен өлсеңіз.Аят, хадис емес қой,Күпір болдың демес қой,Қанша қарсы келсеңіз.Көп орында көріне айтпа,Біздің сөзге ерсеңіз.Мұны жазған кісінің Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеденШешен де өткен не бұлбұл,Көсем де өткен не дүлдүл.Сөз мәнісін білсеңіз,Ақыл - мизан, өлшеу қыл.Егер қисық көрінсе,Мейлің таста, мейлің күл.Егер түзу көрінсе,Ойлап-ойлап, құлаққа іл. Ақмақ көп, ақылды аз,Деме көптің сөзі бұл.Жақынның сөзі тәтті деп,Жақыным айтты дей көрме.Надандықпен кім айтса,Ондай түпсіз сөзге ерме,Сізге айтамын, қауіпім - бұл.Өзің үшін үйренсең,Ашыларсың жылма-жыл,Біреу үшін үйренсең,Білгеніңнің бәрі -тұл. Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма.Шын сөз қайсы біле алмай,Әр нәрседен құр қалма.Мұны жазған білген құл,Ғұламаһи ДауаниСолай депті ол шыншыл.Сөзін оқы және ойла,Тез үйреніп, тез жойма,Жас уақытта көңіл - гүл.
Көпті көрген дана болар, Қартайып кетсе бала болар. Ақыл жас ұланнан, Жүйрік тай құнаннан. Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер. Адам қартайса да, көңіл қартаймайды. Сексен – жермен-жексен. Көп жасаған құрдасынан айрылар. Жүре берсең, көре бересің, Көре берсең, көне бересің. Шөп те басынан қурайды. Ат қартайса ұрыншақ болады, Ер қартайса, жаңылшақ болады. Ат тұяғын ат басар. Ат қартайса, есекпенен достасады . Жігітінде жігіт болмаған Өмір есесінен құр қалған. Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады. Жастық – жалын, кәрілік – күл. Жаман жігіт жасында шал. Кәрілік – дауасыз дерт. Сақалға ақ түсті, Көңілге дақ түсті. Қарсы келсе кәрілік, Қара нарды шөктірер. Жаман киім жасты кәрідей етеді, Кәріні перідей етеді.
Ақыл жас ұланнан, Жүйрік тай құнаннан.
Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.
Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.
Сексен – жермен-жексен. Көп жасаған құрдасынан айрылар.
Жүре берсең, көре бересің, Көре берсең, көне бересің.
Шөп те басынан қурайды.
Ат қартайса ұрыншақ болады,
Ер қартайса, жаңылшақ болады. Ат
тұяғын ат басар.
Ат қартайса, есекпенен достасады
. Жігітінде жігіт болмаған Өмір есесінен құр қалған.
Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.
Жастық – жалын, кәрілік – күл. Жаман жігіт жасында шал.
Кәрілік – дауасыз дерт. Сақалға ақ түсті, Көңілге дақ түсті. Қарсы келсе кәрілік, Қара нарды шөктірер. Жаман киім жасты кәрідей етеді, Кәріні перідей етеді.