Бір түлкі жүгіріп жатып,абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. -Ей, түлкі батыр,не қылып тұрсың? - депті. -Ой,не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әрі сусап,әрі ыстықтан өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті. Мұны естіп ешкі: "Мен де салқындайын,әрі су ішейін", -деп ойлап,секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкі секіріп,ешкінің үстіне мініп,онан мүйізіне шығып,ырғып далаға шығып,жөніне кетіпті. "Өтірікке алданба,басың бәлеге душар болар" деген осыдан қалыпты.
Қазақ халқы қай кездерде болмасын ата-анасын ерекше құрметтеген. «Әкең асқар тау, анаң кәусар бұлақ» деп әкелерін асқар тауға, аналарын ең таза, мөлдір бұлақ суына теңеген. Халқымыздың мақал - мәтелдерінде, даналық сөздерінде «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сияқты ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған терең ойлы сөздер өте көп. Ал Ислам дінінде ата анага деген құрмет Аллаға деген сенім мен оған сыйынудан кейінгі екінші орында тұр. Мұхамед /с. ғ.с/ «Алла тағаланың ризашылығы,ата ананың ризашылығында» дейді. Өз ата-анасын құрметтемейтін, перзенттік парызын өтемейтін, әдептілік, кішіпейілділік көрсете алмайтын, оларға деген сүйіспеншілік сезімнен жұрдай балаға жанындағы адамдардың да риза еместігі белгілі.

Объяснение:
Правильно )