В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Юма123
Юма123
07.03.2021 16:00 •  Қазақ тiлi

8-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексер.

Показать ответ
Ответ:
KriStiNaTim03
KriStiNaTim03
09.11.2022 04:06
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады
0,0(0 оценок)
Ответ:
Зафар1234567890
Зафар1234567890
19.01.2021 21:26
Үш жұрт
    Жігіттің 3 жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың – күншіл, нағашы жұртың – сыншыл, - деп мәтелдейді. Яғни ағайын бар болсаң – көре алмайды, жоқ болсаң – бере алмайды. Жақсы болсаң – күндейді, жаман болсаң – жүндейді. Қайын жұртың – қолыңның ұзындығына, жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең – жағасың, бермесең – дауға қаласың. Нағашы жұртың – жақсылығыңа сүйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор болады.
Үш қуат1.     Асыл қуат.2.     Жүрек қуат.3.     Тіл қуат.   Осылардың біреуі кем болса: кемдік көреді. Жүрек кем болса, топта сөз айта алмайсың, ақыл болмаса, тіл де, жүрек те лағып кетеді. Ал ол екеуі болып, тіл болмаса, жігіт үшін үлкен мін. Жігітке әуелі білім керек, екінші ғылым керек, үшінші – ұғым керек. Сонсон күтім керек, ыстық жүрек, орамды тіл керек. Сонда жігіттің төрт құбыласы түгел болады.
Үш арсыз1. Ұйқы арсыз.2. Күлкі арсыз.3. Тамақ арсыз.
Үш даусыз1. Мінез.2. Кәрілік.3. Ажал.
Үш ғайып1. Дидар – ғайып (кездесу).2. Несіп – ғайып.3. Ажал – ғайып.
Қазына-        Қазына кімде? – деп сұрапты Абылай Бұқардан.-        Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсейші, - дейді Бұқар жырау.-        Мен айтсам, қазына байда, басқа кімде болушы еді? – депті Абылай. Сонда Бұқар: үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына білімдінің басында, - дейді Бұқар жырау.
Үш тағылым1.   Мейірімнен – сауап.2.   Жақсылықтан – шарапат.3.   Жамандықтан – кесапат.
Үш арысСәкен, Бейімбет, Ілияс.
Үш биТөле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Үш кедейлік1. Кежірлік. 2. Еріншектік.3. Ұйқы.
Үш қадірсіз1.   Жігіттік.2.   Денсаулық.3.   Жақсы жер.
Үш көз1.    Су анасы – бұлақ.2.    Жол анасы – тұяқ.3.    Дау анасы – құлақ.
Үш жамандық1.    Нақақ қан төгу.2.    Аманатқа қиянат.3.    Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын1.   Жарық дүние.2.   Балаң.3.   Жарың.
Үш тоқтам1.   Ақыл – арқан.2.   Ой – оріс.3.   Адам қазық.
Үш қасиет1.    Өліде - аруақ.2.    Малда – кие.3.    Аста – қасиет.
Үш кемістік1.   Атың жаман болса – жалғанның азабы.2.   Алғаның жаман болса – дүниенің тозағы.3.   Балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.
Үш данаАбай, Шоқан, Ыбырай.
Үш артық1.   Адалдық.2.   Еңбексүйгіштік.3.   Өнерпаздық.
Не бар?1.   Балдан – тәтті – бала бар.2.   Қылыштан өткір – тіл бар.3.   Удан ащы - әдепсіздің аузынан шыққан сөз бар.
Үш байланыс1.    Әке – асқар тау.2.    Шеше – мөлдір бұлақ.3.    Бала – жағасындағы құрақ.
Үш сауап1.   Шөлге құдық қазған.2.   Өзенге көпір салған.3.   Жолға ағаш еккен
Үш тәтті1.   Ананың сүті.2.   Баланың күлкісі.3.   Туған жер.
Үш қадірлі1.   Ырыс.2.   Баң.3.   Дәулет.
Үш кемдік1.   Надандық.2.   Еріншектік.3.   Зұлымдық.
Үш билік1.   Билік.2.   Дәулет.3.   Даналық. 

1. Үш жүзҰлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.2. Үш жұртАғайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.3. Үш байлықБірінші байлық – денсаулық.Екінші байлық – ақжаулық.Үшінші байлық – қорадағы он саулық.4. Үш биТөле би. Қаз дауысты Қазыбек би. Әйтеке би.5. Үш данаАбай. Шоқан. Ыбырай.6. Үш арысСәкен. Бейімбет. Ілияс.7. Үш қатЖоғары қат (аспан).Орта қат (жер үсті).Төменгі қат (жер асты).8. Үш қуатАқыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.9. Үш ғайы айып. Қонақ ғайып. Несібе ғайып.10. Үш арсызҰйқы арсыз. Тамақ арсыз. Күлкі арсыз.11. Үш дауасызМінез. Кәрілік. Ажал.12. Үш қадірліЫрыс. Бақ. Дәулет.13. Үш қадірсізЖастық шақ. Денсаулық. Жақсы жардың (әйел) қадірін білмеу.14. Үш жамандықНақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.15. Үш жақынЖан тәтті. Мал тәтті. Жар тәтті.16. Үш ақиқатҚымбат – шындық. Арзан – өтірік. Даусыз – кәрілік (Жанқұтты шешен).17. Үш қуанышАлғыс алу. Өзінді көптің іздеуі. Ісіңнің өшпеуі.18. Үш биікБилік. 2. Дәулет. 3. Даналық.19. Үш асылКөз. Тіл. Көңіл.20. Үш артықАдалдық. Еңбексүйгіштік. Өнерпаздық.21. Үш ынтықЕркін өмір. Құрметке бөлену. Пайдалы еңбек ету.22. Үш тұлҚайратсыз ашу тұл.Тұрлаусыз ғашық тұл.Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).23. Үш апатҒалымдар мен қарттарды сыйламау. Өкіметті сыйламау. Асты ысырап ету.24. Үш мұратЖол мұраты – жету. Дау мұраты – біту. Қыз мұраты – кету.25. Үш кедейлікКежірлік. Еріншектік. Зұлымдық (Абай).26. Үш бақытсыздықЖаман ат. Жаман қатын. Жаман көрші.27. Үш көзСу анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ. Сөз анасы – құлақ.28. Үш тоқтамАқыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық.29. Үш қасиетӨліде – аруақ. Малда – кие. Аста – кепиет.30. Үш тағылымМейірімнен – сауап. Жақсылықтан – шарапат. Жамандықтан – кесапат.31. Үш тәттіЖан. Мал. Жар.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота