8-тапсырма. «Менің тілім - мәңгілік тіл" деген тақырыпта шығарма жаздым. Шығармамда қазақ тілінің тарихы, қоғамдағы орны, қазақ тілін қандай деңгейде білетінім туралы жаздым. Шығармамда 20 сөйлем жаздым.
• Ол қандай сөйлемдер жазуы мүмкін. Жазып көр.
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.
"Тағдыр"романы.Қабдеш Жұмағұлов.
Сюжеттік композициялық талдау.
1.Оқиғаның басталуы.
Екі үлкен империяның қазақ даласын екіге бөліп,шекара сызығын жүргізген кезеңі.Шекара жүргізілгеннен кейінгі қазақ халқының тағдыры.
2.Оқиғаның байланысы.
Цинь империясының аз халыққа жүргізген саясаты.Шәуешек аймақтық губернаторы - Ши - амбының қарамағында тілмәш қызметін атқарушы Демежан бейнесі.
3.Оқиғаның дамуы.
Орыс консулы - Балхашин,Демежанның ұстазы Ли-шансың және Демежан бастаған топтың шекара сызығын сызуы.Демежанның елі үшін күйзелісі,биік адамгершілік тұлғасы.
4.Оқиғаның шиленісі.
Смайл зәңгі мен Балхашиннің қайтыс болуы.Демежанның Абдыра мен Қараүңгір екі тоған суға қағаз жасатып,егін салуы.Қайшылықтың үдей түсуі.
5.Оқиғаның шарықтау шегі.
Демежанның жауларының көбейуі.Жаулары Ысқақ,Бужыңқа,Дохалдай,Байсеркелердің қастық істері.
6.Оқиғаның шешімі.
Аймаққа жаңадан келген ұлық Матен - амбының саяси айып тағып Демежанды қамауға алуы.
Демежанға ең ауыр жаза - дарға асу үкімі шығарылады.Демежанның өзі өлгенмен ісі өлмейді.