9-тапсырма. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Қаныш арманы» деген тақырыпта шағын шығарма жаз. Денсаулық, оқу, ғылымды игеру, қазақ ғылымы, ұлттық ғылым, кен байлығы, жер қыртысы.
геолог, инженер, заңгер ғана емес, қаламгер де болған. Ол – он жылдық қазақ мектептеріне Алгебра оқулығын алғаш жасаушы. Ол – Абай шығармаларының алғашқы бір басылымының редакторы. Ол – Ер Едіге туралы жырды алғысөз, түсініктеме жазып, жинақ етіп шығарушы. Ол – Мұрын жырау мен Қырымның қырық батырын жоқтаушы. Ол – өз дәуірі тыныс-тіршілігінің шежірешісі. Бүгінгі сөз оның осы қыры – публицистігі туралы ғана. Бұл кәсіпке ол кісі 1920 жылдан-ақ бой ұрған. 1926 жылы Томскідегі индустриялық институтты бітіріп келгеннен кейін өнеркәсіп тақырыбын құлай жазған.
Бұл кезде Кеңес Одағындағы индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, қарқынды жүргізу, елдің қорғанымпаздық қабілетін күшейтіп, электрлендіру міндеттерін жүзеге асыру күн тәртібіне қатты қойылып жатыр еді. Бұл үшін ең алдымен түсті металлургияны дамыту қажет болды. Өйткені қара металды пайдалану индустрияның жалпы жағдайын ғана аңғартса, түсті металды пайдалану деңгейі сол индустрияның сапасын дәрежесін аңғартатын еді.
Осыны түсінген жас инжинер-геолог Қанекең бірден Жезқазған, Қарсақпай, Тұрлан түсті металл кендеріне килікті. Бұл өндіріс саласының әрбір проблемасын терең зеттеп, әлгі кен орындарының қыр-сыры мен жай-күйіне жете қанықты. Сонан соң ғана заман талабына, күн тәртібіне қойылып, шешіліп жатқан проблемаларға өз публицистикасымен үн қосты. Тек 1928 жылы «Қызыл Қазақстан» журналында «Қарағанды зауыттарының қазіргі күйі мен келешегі» (№ 1-2), «Тұрлан кендерінің шамасы және келешегі» (№ 4-5), «Қарсақпай зауытында мыс өндіру және оның келешегі» (№8-11) деген проблемалық мақалалар жариялады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: [email protected] 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/news/view/19449