9-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті есімдіктерді қойып, сөйлемді жаз. Не себепті ол есімдіктерді қойғаныңды түсіндір.
1. Мұхит … байлығын адамдарға жомарттықпен беруі үшін оның суын ластану-
дән сақтау қажет. 2. Ашық теңіздің … кеңістігінде … мемлекеттің тең құқылы негізде балық аулау еркіндігі бар. 3. … мұхит «ауыр көлік жолы» деп аталады? 4. Теңіз беті - да бір елсіз дала.
1
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.