В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
nataliarianna29
nataliarianna29
02.05.2022 11:20 •  Қазақ тiлi

9-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, әртүрлі формадағы шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер жасаңдар. Жай сөйлемдерде шартты қатынас көрініс табатынын мысалдармен дәлелдеңдер.
Үлгі: Химер жануарларда екі эмбрионның белгілері болу керек
болса, оған төрт ата-ананың ұрпағы қатысуы тиіс. Мен осы мәселе жайында білсем,айтар едім​.

өтінем көмектезіңіздерші

Показать ответ
Ответ:
lol1044
lol1044
14.12.2021 12:04

Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейі, Алматы қаласында (Төлебаев кешесі, 185- үй). 1963 ж. 28 қарашада жазушы (1951-61 ж.) соңғы 10 жыл бойы тұрған үйде ашылды. Музей ұлы жазушының мұрасын жинақтап, насихаттау, шығармашылық өмір жолы мен қоғамдық қызметін, әдебиет саласындағы ізденістерін жан-жақты тану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Музейдегі экспонаттар 11 залға орналастырылған. М. Әуезовтің есімімен біте қайнасып астасып жатқан, оның ғылыми және әдеби ізденістерінің негізгі жемісі болып табылатын қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы - музей экспозициясының өзекті тақырыптарының бірі. Абайдың әдеби мұрасын бейнелейтін экспонаттардың қатарында ақын шығармаларының Мүрсейіт көшіріп жазған қолжазбасы мен библиогр. сирек кездесетін басылым - 1909 ж. С.-Петербургте жарық керген шығармалар жинағы сияқты баға жетпес аса құнды тарихи туындылар бар. Музейде Абайдың алғашқы шығармалары, оның қазақ, орыс және басқа бауырлас халықтар тілдеріндегі басылымдары мен дүниежүзі халықтарының тілдеріне аударылған жинақтары қойылған. «Абай жолы» эпопеясына арналған бөлімде шығарманың бауырлас халықтар және араб, ағылшын, неміс, француз, чех, словак, венгр, румын, поляк, болгар, моңғол, Вьетнам тілдеріндегі аудармалары орналастырылып, әлемдік әдебиет пен өнер қайраткерлерінің ойшыл-ақынның шығармашылығы жайлы келелі пікірлері мен ой толғаулары келтірілген. Ұлы ақынның мұрасын жан-жақты, терең зерттеуде, қазақ әдебиеті тарихи салаларының бірі - абайтанудың негізін салушы М. Әуезовтің педогогикалық және ғылыми қызметіне арналған бөлімнің ғылыми-танымдық маңызы зор. Бөлімде Абайдың шығармашылық талантын ашып көрсететін Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектеріне (монографиялық мақалалар жинағы, оқулықтың арнайы тараулары т. б.) ерекше мән берілген. Әуезовтің ұлы ақын мұрасын оқып-үйренетін абайтанудың арнайы курсы мен абайтанудың арнайы семинар сабақтарын ұйымдастырушы көрнекті педагог, абайтанудың бірегей білгірі ретінде бейнесі сомдалған. «Абай жолы» эпопеясының жазылу жайына арналған бөлімде Абайдың отбасымен түскен фотосуретінің түпнұсқасы, балаларының және Семей өңіріне жер аударылып келген орыс достарының суреттері, Абайдың П. Д. Лобановскийдің салған портреті, ақынның өмірі туралы Әуезов жазып алған естеліктері, архивтік деректер, түрлі тарихи құжаттар кеңінен көрсетілген. Бөлімдегі суретшілер Е. М. Сидоркин, Л. А. Ильина, Қ. Қ. Қожықов Т. б. «Абай жолы» эпопеясына салған суреттері Абай тақырыбын байыта түседі. «М. Әуезов және театр өнері» бөлімінде Абай бейнесінің драма театрындағы «Абай» пьесасы мен «Абай жолы» роман-эпопеясынан композиция, «Абай әндері» көркем фильмі мен опера сахнасындағы көріністері қойылған және композиторлар А. Қ. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің «Абай» операсындағы Абайдың муз. тұлғасын қалыптастыру жайлы естеліктері сақталған. Абай тақырыбы - Әуезовтің жеке архивінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Музей қорында «Абай жолы» эпопеясы қолжазбасының барлық түпнұсқасы, шығарманың жазылу барысында енгізілген қосымшалар мен өзгертулер, түрлі нұсқалары және абайтану саласындағы күрделі мәселелерді шешуге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қолжазбалары түгелдей дерлік жинақталған. Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуде музей қорындағы магнитофон та жазып алынған ақын замандастарының естеліктері мен түрлі әдеби және архивтік деректер баға жетпес құнды экспонаттар болып табылады. Музейдің киноархивіндегі деректі «Мұхтар аға» фильмі көрермендерді «Абай жолы» эпопеясының жазылу жайымен таныстырады. Фильмде Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, көрермендердің ұлы ақын туралы танымын байыта түседі.[1]

0,0(0 оценок)
Ответ:
wwwnikitafakh
wwwnikitafakh
16.07.2020 19:17
Ауданның жер бедері негізінен жазық. Оңың солтүстік және шығыс бөлігін Солтүстік қазақ жазығы алып жатыр. Бұл далалы жазықтықта табақша тәрізді ойпаңдар және олармен алмасып келетін қырқалар көптеп кездеседі. Олардың көпшілігінде тұщы және тұзды көлдер орналасқан. Құрғақшылық жылдары олардың кейбіреулері құрғап қалады. Оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай Солтүстік қазақ жазығы біртіндеп биіктеп, Көкшетау қаласының оңтүстігінде әсемдігімен "Қазақстан Швейцариясы" деген теңеуге ие болған көркем қыратпен (Көкшетау қыраты) алмасады. Онша биік емес, бірақ құзды-жарлы, қырқалы және қарағайлы-қайыңды ормандармен көмкерілге тау жоталары ғажайып суретке ұқсайды. Тауаралық ойыстардағы көлдер және олардың жағаларындағы әр түрлі пішіндегі дөңбек тастар мен шың-құздар ерекше ғажайып көріністер береді. Ауданның батысында Торғай үстіртісозылып жатыр, ал солтүстігінде төбелі, көтеріңкі жонды жазықтар және тайыз көлді ойпаңдар, оңтүстігінде теп-тегіс қыраттар кездеседі. Торғай үстіртін солтүстіктен оңтүстікке қарай ені 20-75 км, табаны тегіс болып келетін Торғай қолатыкесіп өтеді
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота