9-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерге бірнеше нұсқада сұрақ қой. Осы сұрақ- тарды пайдаланып, көршіңмен сұхбат құр. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдардан бастап белгілі шығыстанушы Г.Саблуков, орыс ақыны А.С.Пушкин жазып алады. Бұлар жырдың қазақ тіліндегі нұсқасын бастыра алмайды. Бірақ «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырымен орыс оқырмандарын тұңғыш рет таныстырады. Г.Саблуков жырдың бір сюжетін 1830 жылы Семей губерниясындағы Көкпектіде жүрген орыс чиновнигінен түсіріп алады. Ал А.С.Пушкин 1833 жылы жазып алып, сол жайында поэма жазуды жоспар- лағаны анықталды (Ә.Қоңыратбаев).
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.
(160 сөз)
-бұл кім? - деп, сұрайды мистер Рочестер қалаларында да өтті.
-мен, - деп жауап Джен Эйр. нәтижесінде, олар ойнады өтті."