В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
hellobro55555555555
hellobro55555555555
02.01.2023 07:34 •  Қазақ тiлi

9 тапсырма Сөздерді тіркестіріп жаз. Құрамынан сын есімдерді тап. 1 1 Ежелгі көшпелілердің жасалу техноло- гиясы күшті. Алтыннан, қымбат варыштық ой жүйесін металдан бейнелейді. важайып өнер туындысы. - 2 Пектораль - скиф заманындағы өте нәзік соғылған алқа. Нақышты, әшекей бейнелер — 3 Ол бұйымдардың күйінде қалып отыр. алтын құмыра табылды. 3 Зергерлік бұйымдардың саны 4 4 Әзірге құпия түйін түйген. Алтын адам киімінің өнері мен мәдениеті өзгеше. 4000-нан асады. 5 Қырымдағы Күл- Оба қорғанынан әлемде теңдесі жоқ. 5 | Адамзат тарихындағы


9 тапсырма Сөздерді тіркестіріп жаз. Құрамынан сын есімдерді тап. 1 1 Ежелгі көшпелілердің жасалу те

Показать ответ
Ответ:
varyaa0711747
varyaa0711747
12.11.2020 04:01

қазақстан республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін құрметтеу, оны білу- біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. «ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне,бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау» деген пікірді бауыржан момышұлы өткен ғасырда-ақ айтып кеткен.мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәнінде қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күннің талабы екені баршамызға мәлім.

тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан нұрсұлтан назарбаев сынды ұлт көшбасшысы бар қазақ елі аз уақыт ішінде бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. елбасы өз жолдауында: «тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. біз өзгенің қателігінен сабақ алуымыз керек. ол сабақтың түйіні біреу ғана - мәңгілік ел болу. бұл біздің өз қолымызда»деп атап көрсеткен. елбасы жолдауында айтылған осы сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз.

ел мен тіл – егіз ұғым. «мәңгілік» сөзі мирас болып келе жатқан мәңгілік өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – ана тілімен де тығыз байланысты. олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап,бірге мәңгілік тілі болуы шарт. ол жұмыр жерден ойып тұрып орын алған, ұлан ғайыр даласы бар, астанадай қаласы бар, нұрсұлтандай данасы бар қазақ елінің мемлекеттік тілі - қазақ тілі. елбасы өз жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, « енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп ой түйді.

олай болса, «ана тілімізді – мәңгілік тіл ету өз қолымызда» деген сезім менің кішкене жүрегіме орасан қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйлап, болашаққа сенім мен адастырмас арманның темірқазығын нұсқап тұрғандай.

менің болашақ арманым, жүрек қалауым – кішкене кезден журналист болу. ол үшін алғашқы қ жасап та үлгердім. мектептен, ұстаздан алған білімімді ізденіспен ұштастыра отырып қасиетті шаңырақ – журналистиканың «есігін қақтым». алғашқы мақалам – «атамнан қалған із» атты мақалам аудандық газетке шыққандағы менің қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес еді. міне содан бері «ана тілім-қазынам», «арманыма жол сілтеуші», «жүзіңнен шуақ кетпесін», «болашақ бүгіннен басталады», «ұстаздық жүгі - ауыр жүк», «тәуелсіздік жетістіктері», «ерлік - ұрпаққа үлгі», «сағындым мектебімді», «гүлдәурен - ххі ғасыр көшбасшысы», «тәуелсіздік – баға жетпес байлығым», «ұлттың рухы, жаны әрі таусылмас байлығы» атты мақалаларым баспасөз беттеріне жарық көрді. аудандық мәнерлеп оқу, шығармалар сайысынан, тілдер мерекесіне арналған жыр мүшайрасынан, қазақ тілі мен әдебиетінің пәнік олимпиадасынан, облыстықық «ақберен» сайыстарынан алған жүлделі орындарым – бұл менің тілімнің мәртебесін көтеруге қосқан үлесім деп білемін!

көкіректе бір- ақ арманым бар, ол - шырайлы да шұрайлы, әуенді де әуезді, шешен де шебер ана тіліміздің мәртебесін көтеру, өз аспанында қырандай қалықтап, әлемдік кеңістікте өзге тілдермен теңдей шарықтап тұрғанын көру. біз ол күнге де жетеміз, менің оған сенімім кәміл!

өткен оқу жылында оңтүстік астанмыз - алматыда болдым. мені сұлу да көркем, әсем қала алматыға жетелеп алып келген де сол ана тілге деген махаббатым. «келдім! көрдім! жеңдім! » деп ю. цезер айтпақшы, өзін- өзі тану пәнінің олимпиадасынан і орын алып, атырау облысының байрағын желбіретіп қайтқанымда төбем көкке бір елі жетпеді. мені алға жетелеген, мені көкке көтерген, мені жеңіске жеткізген – ана тілім, дана тілім! тіл ұшына оралған мына бір шумақтар сол сәттердегі көңіл күйімнің өрнегі еді:

болашағымды, келешегімді

жолыңа сенің арнаймын.

қаламы жүйрік, арманы биік

журналист болу – арманым.

анамның тілі – бабамның тілі,

барымды саған беремін.

мәңгілік елдің мәңгілік тілі

боларыңа мен сенемін!

ес жиып, қазық қағып, кереге жайып, ел болғанымыздың 550 жылдық мерейтойын барша әлемге жар салып, түркі тектес елдердің елбасыларымен астанның төрінде айдай әлемге паш еткеніміз күні кеше ғана. бұл күндері қазақстан – көп ұлтты, тату-тәтті, біртұтас мемлекет ретінде жұмыр жердің бетінде тамырын тереңге жайған алып «өмір ағашына» айналғалы қашан! ол ағаштың бұтағына ұя салған 150-ге тарта ұлт пен ұлыстың өз тілінде сайрап, өз ұлттың мәдениеті мен әдебиетін, өз әдет-ғұрпын сақтап, өзара ұлтаралық келісім мен жарасымын тапқан, ынтымағы жарасқан ел болуы елбасымыз нұрсұлтан назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы болса, бейбіт те тыныш «қой үстіне бозторғай ұя салған» бақытты тіршілік құруы – сабырлы да салмақты, кең пейіл қазақ халқының өмірлік ұстанымының арқасы.

қазіргі қазақстандықтар үшін үш тілді білу – өмір талабы. өзі өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу – парыз. сондықтан елбасының «қазақ тілі - мәңгілік елдің мәңгілік тілі болады» деген сөзінің шындыққа айналарына сенемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ТаяDuda2133
ТаяDuda2133
21.05.2022 14:03

құрметті соғыс және тыл ардагерлері! сіздер елімізді жаудан қорғап, ел мен халықтың игілігіне адал еңбек еттіңіздер. соғыс жылдары майдан үшін талай қиындықты бастан өткеріп, ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсеттіңіздер. бүгінгі біз қол жеткізіп отырған тәуелсіздік пен егемендікке сіздердің арқаларыңызда ие болдық. сондықтан барлық ардагерлерді біз әрдайым ұлықтап, құрметтейміз. батырлар есімін ешқашан ұмытпаймыз. ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесінде жеңіс үшін, өшпейтін ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымды қабыл алыңыздар.

барлығыңызға денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота