В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
senator95p0dese
senator95p0dese
25.02.2021 02:56 •  Қазақ тiлi

9-тапсырма
страница 109
7 класс
талаптар:
• нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
бөлімнен құралуы шарт;
• тақырыптан ауытқымаған дұрыс;
тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет;
өмірмен байланысты болуы тиіс;
өзіндік тың пікірлер келтіру керек;
баяндау стилі нақты болуы шарт;
көріктеуіш тілдік құралдар мен сан есімдерді, құрмалас
сөйлемдерді ұтымды қолдану қажет;
көлемі – 100-150 сөз.​

Показать ответ
Ответ:
228alex777
228alex777
14.06.2020 07:59

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз

Объяснение:вот эссе

0,0(0 оценок)
Ответ:
NoMatterWho2001
NoMatterWho2001
24.06.2022 20:32

Арман дәліз бойымен асығып келе жатыр. Бүгін оның университеттегі алғашқы күні. Кенет ол бір қарияны түйіп кетті. "Кешірім өтінемін!" деп қайтадан жүгіре бастады. Сабақтың басталуына санаулы минуттар қалды. Ал ол болса әлі лекция өтетін аудиторияны таба алмай әлек. Терезе алдында тұрған бір студенттен:

– Ғафу өтінемін, 235-аудитория қай жерде? Білмейсіз бе?-деп ентіге сұрады. Сөйтсе ол аудитория басқа ғимаратта екен. Қуанышқа орай ол ғимарат бас ғимараттың дәл жанында екен. Арман жүруін одан әрі тездетті. Ғимаратқа кіріп, күзетшіден де:

– Кешіріңіз! 235-аудитория қай жерде?-деп сұрады. Сөйтсе 2-қабаттың сол жақ бұрышында екен. Арман 2-қабатқа көтеріліп келе жатырып тағы бір қолы кітапқа толы студентті қағып кетті де "ғафу етіңіз!" деп екі беті қызарып аудиторияға жетті. Сабақ басталып кеткеніне 2 минут болған. Есікті қағып:

– Кеше көріңіз! Аудиторияны таба алмай жүріп қалдым. Бұл қазақ филологиясы ма?- деп лекторға қарады. Лектор:

– Иә. Алғашқы күн болған соң кешірімді. Бұдан бұлай қайталанбасын!-деп сабағын жалғастыра бастады. Алдағы парталардың біріне, бір қыздың қасына Арман отыра қойды.

– Мынау кітап па?-деді қыз алдында тұрған кітапқа көзі түсіп. Қыз жалт қарап:

– Жоқ, дәптер. Кітаптың қандай екенін білмеймісің?-деді.

– А, жоқ... Ренжіткен болсам әрі әбес қылығым үшін кеше көр. Жай мұқабасы қатты тозып кетіпті. Менде дәл осы кітаптың жаңасы бар. Қаласың берейін,- деді жымиып.

– Жарайды. Енді сөйлей бермей, лекторды тыңдайық!-деп тақырыпты жаза бастады. Арман да сабаққа кірісті.

Объяснение:

вот ответ тпиши

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота