9-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, әдеби тілде- гі нұсқасымен салыстыр. Қандай ерекшеліктері бар екендігін жұпта, топта
талқылаңдар.
1. Құдағай, сізді ауқат ішсін деп төр тамға шақырып жатыр
атамдар. 2. Нүсірлеп құйған жаңбыр суы жыра, сайларға сыймай
ағып жатыр. 3. Балалар, пахтаның чатағымен жүріп, сабаққа қо-
палдау дайындалған боларсыңдар. 4. Дегенмен мынадай сұраққа
жауап беріп көргін. Еш қысылмағын, саспағын.
(«Қазақ диалектологиясы» кітабынан)
Зат есім заттың немесе құбылыстың атын білдіретін сөз табы екенін білдім. Зат есімнің сұрақтары кім? не? кімдер? нелер?
Мысалы: құс, адам, кітап, оқулықтар, қаламдар, кісілер т.б.
Зат есімнің 4 мағыналық түрі бар.
Жалпы есім - біркелкі заттарды , құбылыстарды жаппай атайтын сөздер.
Жалқы есім арнайы берілген есімдер мен атаулар.
Деректі зат есім ол нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдер.
Дерексіз зат есім көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады.
Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз күні әйел-қыздар мерекесі деп аталады. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды сонымен қатар апайларымызды да мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі 22-наурызда аталып өтіледі. Ол күні әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді.
Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңында ысып та кетеді. Сонымен бірге жазға ұласады. Жаңбыр жауса, кемпірқосақта түрлі-түсті болып көрінеді. Біз оны қуана тамашалаймыз.
Көктемде адамдар бау-бақшасына түрлі-түсті жеміс ағаштары, жұпар иісті гүлдер егеді. Оларға су береді, астын қопсытады. Бұл өсімдіктердің бәрі су және күн нұрымен өседі. Айналасындағы жаман шөптерден тазартады. Ал дихандар дәнді өсімдіктер егеді. Олар: бидай, арпа және картоп, сәбіз, қызанақ, қияр, орамжапырақ. Оларды өсіріп жетілдіру үшін дихан бабалардың еңбегі мол. Көктемде бізде жеміс ағаштарын егуде ата-анамызға, үлкендерге көмектесеміз.