В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Доминатр
Доминатр
07.04.2020 08:32 •  Қазақ тiлi

А .Байтұрсынов қызметіне талдау жаса: Қоғамдық педагокилық әдеби

Показать ответ
Ответ:
vikulyaKuzmina
vikulyaKuzmina
14.04.2021 14:36

ответ: қоғамдық қызметі

А. Байтұрсыновтың есімі Алашорда үкіметімен тығыз байланыста болғандықтан, оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Себебі зерттеу нысанасының ауқымы өте кең әрі тым қайшылықты. Сол себептен қайраткердің өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи құбылыстар мен саяси оқиғаларға барынша терең үңілуге тура келеді. А. Байтұрсынов 1905 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1937 ж.) саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, сол үшін 1907 жылдан бастап қуғынға ұшырап, бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақ даласынан тысқары жерлерге жер аударылады және оған саяси сенімсіз деген айдар тағылып үнемі патша үкіметінің бақылауында жүрді.

1913 жылдан бастап Қазақ атты апталық газетін ұйымдастырып, осы газет арқылы саяси үгіт-насихатқа өзі жетекшілік етіп, айналасына қазақ зиялыларын топтастыра білді. Отарлық езгіге қарсы ірі саяси оқиғаның бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында қазақ халқын аман-сау сақтап қалудың жолдарын іздеп, патша үкіметі мен халықтың арасында ымырагершілік саясатын ұстанды. Саяси саутты, мол тәжрибе жинақтаған А. Байтұрсынов осы тұста газет арқылы халықтың һәм құлағы, һәм көзі және нағыз жанашырына айналды.

педогогикалық қызметі

Ахмет Байтұрсынұлының  педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк  және екi сыныптық училищелерге сабақ  бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң тiкелей мұрагерi болды. Студент кезiнiң өзiнде бұған қазақ даласындағы көрнектi ағартушылардың бiрi, халықтық училищелердiң нұсқаушысы А. Е. Алекторов назар аударады. Алекторов Байтұрсынұлын тек қана шығыстану, педагогика, түркология кiтаптарымен ғана емес, революциялық-демократиялық әдебиеттермен де қамтамасыз етедi. Сөйтiп, 1895–1909 жылдардың аралығында ол тек ұстаздық етiп қана қоймай, белсендi революциялық қызметке араласады. Ол ағартушылардың арасындағы оқу-бiлiмнiң пайдасы халыққа тек қоғамдық жағдайды түзегенде ғана пайдалы болмақ деп санағандардың бiрi болды. Өзi сан рет патшалық жүйенiң саясатына қарсы шығып, жергiлiктi шенеунiктердiң жүгенсiздiгiн әшкерелейдi. 1900 жылдың басында ол шын мәнiнде қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы күресi басшыларының және оған идеялық дем берушiлерiнiң бiрi болды. Патша үкiметiнiң 1905 жылғы 17 қазандағы манифесiнен кейiн ол бұқара халықты ашық түрде басқара бастайды. 1905 жылы Ахмет Байтұрсынұлы басқарған қазақтың бiр топ зиялылары патша үкiметiне жердi мәдениеттi және әдiлеттi пайдалану, жергiлiктi халық үшiн жер бөлу мекемелерiн ұйымдастыру, қазақ тұрғындарының құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарын жазған петиция жолдайды. Хатқа қол қойғандардың барлығы патша күзетiнiң қара тiзiмiне iлiнiп, олардың сыртынан жасырын бақылау ұйымдастырылады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота