Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
1. Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз. ( )
А) табиғат құбылыстары
B) жастар тәрбиесі
С) саясат мәселесі
D) ғашықтық
2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай? ( )
А) өз Отанының елдігін, ерлігін мадақтау
B) табиғаттың көрінісін сүйсіне жырлау
С) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттау
D) білім алуға шақыру
3. Өлең жолын жалғастырыңыз. Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, ( )
А) Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
B) Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
С) Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
D) Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
5. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. ( )
А) Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
Б) Бұл мезгілдерде қандай өзгерістер болады?
В) Бұл мезгілдің басқа мезгілдерге қарағанда қандай ерешеліктері бар?
Жазылым
1.а
2.в
3.а
5.өленде қыс мезгілі суреттелген
6.Аяз болады.айналана аппақ білім жайылғандай қар жауады.
7.ерекшелігі:
түн ұзақ, күн қысқа болады.
қар жауады.аяз ,дала салқын болады.
1) а
2)в
3)а
5- т
1)Қыс мезгілі
2) суық аяз
3) аққала жаайсың көңілді