В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Sania24sania
Sania24sania
07.01.2022 15:38 •  Қазақ тiлi

А мәтіні 1991 жылдың 13 наурызында негізі қаланған «Қазақстан-Ғарыш» бағдарламасы
ғарыш кеңістігіндегі кешенді зерттеулерге осылайша кең жол ашты. Содан келіп ғарыш
зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде
Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.
2006 жыл. Қазақстан ғарыштық мемлекет. «KazSat» – сәтсіздік
Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғары дәрежелі мемлекеттік қарым-қатынас
ғарыштық байланыстар негізінде жыл сайын өркендеп, құлаш жайып дами бастады.
Ресейдің ғарыш агенттігінің кәсіби іс-қимыл қызметін, тіпті, «Қазғарыштың»
араласуынсыз көз алдымызға елестету мүмкін де емес секілді еді.
2004 жылдың қаңтары. Көрші жатқан екі ел арасында қазақстандық тұңғыш
геостационарлық ғарыш аппаратын дайындап ұшыру туралы мемлекеттік маңызы бар
келісімшартқа қол қойылды. Үлкен жобадағы аталмыш Жер серігі 12 транспортерден
тұрады десек, оның 8-і интернет пен телефонияға, үкіметтік және басқа да байланыстарға
бағыттала жоспарланып, 4 транспортер телевизиялық жобаға қызмет ететін болды. Жер
серігін жасауға Ресей Федерациясынан тыс 15 шетелдік фирма мүшелері қоян-қолтық
араласып атсалысты. Олардың қатарында әлемдік борттық телекоммуникациялық
жабдықтар шығаратын Boeing, Alcatel Alenia Spazio Italia, ComDev компаниялары да бар.
«Протон-К» зымыран тасымалдағышымен жоспарланған алғашқы Жер серігі 2005
жылдың желтоқсанында орбитаға шығатын болып бекітілгенмен, қосымша тексерулердің
қажеттілігіне байланысты әуелгі ұшу кейінге шегерілді.
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006
жылдың 18 маусымы күні ашылды.
Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі
ұшырылды.
Ә мәтіні
Ә мәтіні
Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш дегеніміз не?
«Космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді
екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын
қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс.
Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К.Э.Циолковский
болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович
Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш
кеңістігін игеру С.П.Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін
жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді,
бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.
Ғарыш – ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына
Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті
қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс
Ғарыш болып ажыратылады.
Ғарыш алаңы немесе космодром ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға
және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш
алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық
өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан
күрылыстардан тұрады.
А мәтіні
Ә мәтіні
Тақырыптары
Қандай стильде жазылған?
Стильге тән қандай сөздер қолданылады? Мысал келтіріңіз.
Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Показать ответ
Ответ:
гот12
гот12
13.05.2020 06:47

Жетіқарақшы (лат. Big Dipper) — аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді. Жетіқарақшының жеті жұлдызының ішінде 1,8 жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыз – Ырық (Алиот) пен Ерік (Дубке) есептеледі. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жеті қарақшы шоқ жұлдызының төңірегінде көптеген галактикалар мен планетарлық тұмандықтар бар. Ең жақын галактика мен Жердің арақашықтығы 70 млн. жарық жылын құрайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Vitomalc777
Vitomalc777
15.01.2022 15:11

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп — 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған.

Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1918-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш өсіруші болған.

Нұртөре Байтілесұлы (1984) жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолының алғашқы баспалдағы Павлодар облыстық қазіргі Сары арқа самалы бұрынғы Қызыл ту газетінің агроөндірістік бөлімінің тілшілігімен басталды. Осы газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

(1990-1996) жылдар аралығында Республикалық Егемен Қазақстан газетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. (1996) жылдың мамыр айынан бастап (2002) жылдың сәуір айына дейін республикалық Жас Алаш газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Нұртөре Жүсіп басшылық еткен осы кезең ішінде газет Алтын жұлдыз-2000 сыйлығына ие болды.

Нұртөре Жүсіп Ақ жол Қазақстан, Астана хабары газеттерінің бас редакторы, Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры болды. (2008) жылдан бері республикалық Айқын газетінің директоры-бас редактор.

Нұртөре Жүсіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің, ҚР жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Президент сыйлығының және Қазақстан журналистер одағының, Б. Бұлқышев, С. Садуақасов атындағы сыйлықтардың иегері.

ҚР Журналистер академиясының және Гуманитарлық Академияның мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері атақтары бар. (Халықаралық ПЕН-клубтың вице-президенті), (Қазақстан МЕДИА-АЛЬЯНС ұйымы) төрағасының бірінші орынбасары. Қазақстан Президенті жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі Ұлттық комиссияның және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Үкіметі жанындағы Онамастика жөніндегі республикалық комиссияның, "Нұр Отан"партиясы Алматы қалалық филиалы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Құрмет орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен, "Тіл жанашыры" төсбелгісімен марапатталған. (2014) жылы "Халықтың сүйіктісі" атты республикалық конкурстың "Ең өткір публицист" номинациясының жеңімпазы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота