В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
andreeva1979ir
andreeva1979ir
07.04.2023 07:43 •  Қазақ тiлi

А Мәтіндегі негізгі ойды дамытып, төмендегі картаны пайдаланып қа- зақстанның пайдалы қазбалары туралы әңгімелеңдер.​


А Мәтіндегі негізгі ойды дамытып, төмендегі картаны пайдаланып қа- зақстанның пайдалы қазбалары тура

Показать ответ
Ответ:
deniskamikhalcozvly4
deniskamikhalcozvly4
28.10.2022 14:39

Жеті саны.

Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.

Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.

7 жетекші.

1. Адамның басшысы ақыл.

2. Жетекшiсi талап.

3. Жолаушысы ой.

4. Жолдасы кәсiп.

5. Қорғаны сабыр.

6. Қорғаушысы мiнез.

7. Сынаушысы халық.

Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.

7-күн

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Ауыр күн.

6. Азына күн.

7. Соңғы күн.

7 ғалам.

1. Күншығыс

2. Күнбатыс.

3. Түстік.

4. Терістік.

5. Аспан жоғарғы ғалам.

6. Жер ортаңғы ғалам

7. Жер асты төменгі ғалам.

7 амал.

1. Күннiң тоқыраүы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердiң батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киiктiң матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.

1. Дубхе (Ерік)

2. Мерак Жігер)

3. Фекда (Қайрат)

4. Мегрец (Қуат)

5. Алиот (Ырық)

6. Мицар (Құдірет)

7. Алькаид (Дес)

Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
madmiss
madmiss
21.02.2023 02:04
Шындық деген шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бейшара кірер жерге, –
деген өлең жолдары санамда сан рет қайталанып жүр. Қазіргі заманда өз орны бар өткір өлең. Шындық, иә, шындық... Бұл сөзді көп адамдар ұната бермейтіні хақ. Себебі шындық бар жерде ғана шынайы бейне қалыптасады. Мен жүрген жерде, мен сүрген ортада көбіне ақиқаттың ауылы алыстан көрінеді. Неге дейсіз бе? Себебі адамдардың өзі шындықтан гөрі жасандылыққа көп мән беред­і.
А ұлттық рух деген болады. Ұлттық рухты ақыл айту­мен жетілдіруге болмай­ды. Ақиқатты айтаты­н адамдар көбі­не басшылық жасап отырған «билікші» адамдарға ұнамай жатады. Себебі шындық біреулерді шырмап тас­таса, енді біреулердің «жанды» жерін «тырнап» тастауы мүмкін. Ақиқатты айту үшін бірінші арыңның алдында есеп бересің. Ар-ұждан ақиқаты үкім жасағ­анда барлық бүк­пе­сіз шындықты айтып саласың. Шындықты айтсаң бетіңнен шармай алып, шыбын жа­ны шырқырап не­месе шымбайына қаттырақ батса, шоршып түскен шортандай иірі­ліп не суға түскен сабындай сусылдап кете баруы мүмкін көрі­ніс­тер орын алады. Өтірік - тәтті, әрине, өмірі қыс­қа, ал шындық - ащы, бірақ өміршең.
Неге қазір адамдардың басым бөлігі шындық­тың шырмауынан қорқып, өтіріктің өрмегін құрады. Кейде сырттан бақылап отырсаң, ертегі кейіпкерлері көз алдыңа елес­тейді. Мысалы, аң патшасы арыстанның алдын­да түлкідейін түрленіп шығатын, алдында айтатын сөзін де, образ­ға кіретін жасанды түрін де дайындап жүретін бейнедегі адамдарды көп байқаймын. Ол ол ма, аю сияқты ұйқыны жақсы­ көретін, бал сияқты өмірі тәтті және бір қалыпты өтетін бейнелерді де көреміз. Әрине, бұлардың барлығы өздері­не жақсы, себебі «ауырдың үстімен, жеңіл­дің астымен­» өте шыққаны жақсы емес пе? Құдды бір ертегі әлемінде жүргендейміз. «Мақтау сөздер рухты топастандырады» демекші мадақ­таудың мәнін асырып, жағымп­аздықтың жаңаша түрлерімен (әртүрлі жағдайда) әспеттеп, әсірелеп жатқа­ны. «Өркөкірек адам шыншыл бола алмайды, олар өшпенді, тырысқақ және өкпешіл келеді» дейді Мырзагелді Кемел.­ Өте орынды, өркөкірек адамның кеудесі көкте қалықтап жүргенде, қарапайым адамның ақиқатын айтам деген жанай­қайын не қылсын? Айтқан жағдайда атып кетеді не сатып кетеді, ол болмаса «шамын»­ қолына алып шарқ ұрып қыр ізіңде жүреді, сыпсыңдап сыртыңнан әңгіме айтып, айтқаның үшін отқа да салып, суға да батырып жатады. Жалғандық пен жасампаздақ өміршең дүние емес қой. Адамдардың осыны біле тұра жандарына жақын тұтатыны ойландырады. «Билікші би-көкелердің» алдында иіліп төсек, жайылып жастық болып, өз бейнесін жасанды сомдағанда ар алдында есеп бермейтін бол­ғаны-ау деген ой келе­ді. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей «турадан» гөрі үш қайнаса да сорпасы қосылмайтындардың «туған» болып шыға келетінін қайтерсің. Д.Қонаев «Бүйрегім бұрып, бұра тартсам, өзге түгілі, өз қадіріме жеттім дегенім - бекер» деген сөзі әр азаматтың жүрегінде тұрса дейсің. Жалған сөздің жетегінде кетіп, «бүйрегіңнің бұрғысы келетін жаққа қарай» бағыт алсаң, қадір туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Бірақ қазір қадірдің де құны қалмаған-ау. Кейде бұрынғының билігінде болып,­ зейнетке шыққан абзал азаматтарды көргенде, осылардан неге үлгі алмасқа дей­сің. Себебі, қызметтен кетсе де, кішілік пен кісіліктен кетпеген.
«Заманың тазы болса, түлкі болып шал» деген мақалды көп адам асыра пайда­ланып жатыр-ау. Иә, заманның ағымына қарай, «түлкі» болып өмір сүрген де жақсы­ шығар, алайда ақиқаттан аттауға бол­майды ғой. Қара қылды қақ жарған, тура жолда­н таймаған, қазақы сөздің қаймағын қалқып ішкен, аузы дуалы билердің ізін жалғастырсам деген іштей арманым бар. Кейде қаншалықты турасын айтсаң да, әділдіктің орны аяқ астында қалып қоятынына қарным ашады. Халық - сыншы. М.Кемел тағы бір сөзінде: «Адам айна сияқ­ты. Айнаға жылы шырай танытсаң - күлімсірейді, ашулансаң - ол да ашуланады» деген екен. Адам - халық, халық - айна. Халықпе­н санаспай, биікке көтерілемін деу - ақымақтың ісі. Шындықты жасырып, «аузымен орақ орып, тілімен оны баулап» көпшілік алдында «көпіріп» отырады. Халық қаласа суға да батырады, көкке де көтереді. Әдемі сөзбен әспеттеп, әділін айттым деп астарлап сөйлеудің де өз орыны бар. Осындай мәселеге­ келгенде затым әйел болса да намыстанам. Намы­ссыз еркек болғаннан, намысты әйел болғаным жақсы. Сондықтан көп жерлерде ақиқатын айтып, әділдікті әспеттеп отыратыным көп адамдарға жаға бермейді. Жақпай қалам деп те ақиқаттан аттамаймын. Өйткені:
Біреулерді тұрса да басып қайғы,
Шын жүреді көңілін жасытпайды.
Шындық деген шыдамды парасат қой,
Шындық жолын табады, асықпайды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота