А матини Парижде жылы бүкіл дүниежүзі бойынша ән өнері мерекесі өтіп жатқан жаз айы. Сонда болған концертке қатысқан Қазақстаннан барған қазақ әншісі Әміре Қашаубаев домбырамен ән айтқанда залдағы халық орындарынан тұрып қол соқты. Оның айтқан «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Балқадиша» тағы басқа әндері халықтың көңілінен шықты. Халықтың қошеметіне бөленген, өзіне ғана тән даусы бар Әміре жүлделі екінші орынды жеңіп алып, күміс медальге қол жеткізді. Сол кезде Францияның «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміренің сирек кездесетін талант екенін айта келіп: «Ғажайып дауыс иесі Әміре Қашаубаев өз елінің жан-жүйені балқытатын әндерін салып берді» деп жазды. Француз жазушысы Ромен Роллан ерекше таңданыс білдіріп, шығыс халқының жақсы әншіні бұлбұлға теңегенін мойындаған. Париждегі Сорбонна университетінің профессоры Перно Әміренің даусына ерекше мән беріп, бірнеше өлеңдерін фонографқа жазып алған екен. Осылайша Әміре Қашаубаев тұңғыш рет қазақ елін, оның керемет ән өнерін шет елдерге танытқан қазақ әншісі болып аты тарихта қалды.
Б матини
Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да өзгеше еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты. Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Жастық шағы киіз үй мен кең далада өткен Әміреге бұл зал үлкен болып көрінсе де, ол айтуға келгенде, тар сезілді. Сондықтан оның таудан тау асып, жаңғыртатын сұлу да ашық дауысы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. «Қанапия» әнінің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аса күшті дауыспен шарықтап барып аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей. Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты
Керекті азық – түлік: қой немесе сиыр еті (мөлшермен 300 гр.), 2 орташа сәбіз, 2 орташа пияз (жуа), 2 кесе (пиала) күріш, 4 – 5 ас қасық сұйық май, татымына қарай тұз. Үстіне қалауыңыз бойынша аскөк немесе көк жуа турап, салуға болады.
Ең алдымен қазанға майды құйып қыздырып, май қызғаннан кейін ортасынан жұқалап туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз қуырылғанша, сәбізді ұзыншалап турап, пиязбен қосып қуырамыз. Одан кейін орташа кесектеліп туралған етті қосып барлығын жақсылап 10 – 15 минут шамасында қуырып аламыз. Барлығы қуырылып болған соң үстінен бір кеседей қайнаған су құйып, татымына қарай тұз салыпбір қайнатып аламыз. Қайнағаннан кейін алдын ала жуылған күрішті салып, үстінен күріш батып тұратындай су құйып (шамамен 2 – 2,5 кесе), қатты отты қосып қайнатамыз. Қайнаған соң астын басып, ақырын жай отта 35 минут шамасында бетін жауып, араластырмай, пісіреміз.
Палауымыз дайын болғанда үлкендеу ыдысқа салып, үстінен аскөк не болмаса көк жуаны майдалап тураймыз.
Палау Орта Азияда ең танымал тағам болып саналады. Және оның дайындау тәсілдері де әр түрлі. Әр аспаздың палау әзірлеуде өзіндік құпиялары болады. Мен біздің үйде дайындалатын палаудың рецептін жаздым.
Мен үшін анамның әзірлеген палауы – ең дәмді. Әдетте анам палауды қой етімен дайындап, оған сәбіз бен жуа турап, тұздан басқа ешқандай дәмдеуіштер қоспайды.
«Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, олардың жағдайын жасап, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қамқорлық болып табылады.
Жалпы, қазақ халқы бала тәрбиесінде де қамқорлыққа аса назар аударып, бүлдіршіндерді кішкене күндерінен бастап «бір – бірлеріңе қамқор болыңдар» деп айтып, құлақтарына құйып отырады. Бұл дегеніміз, тек қарт немесе науқас адамдарға ғана жылыжүректілік таныту емес, барлық адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға, тіпті табиғатқа да қамқор болу деген сөз.
Мысалы, оқушы балалар жас ерекшеліктеріне қарай, қыстыгүні құстарға ұя салып, жем шашып қамқорлық таныта алады. Ал сәл ересек оқушылар, кіші іні – қарындастарына қарайлап, ағалық/апалық қамқорлығын таныта алады. Ал барлығымыз қосылып Жер – анамызды аяласақ, бұл нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан қолымыздан келгенше қамқорлық танытып, бойымызға ізгілік нұрын жинайық.
Палау пісіру

Қамқорлық туралы.