A) Шыңғысханның өз нақыл сөздерiнен, әскери және азаматтық заңдардан «» құралды. B) 1241 жылы Батый жасақтары Еуропа әскерлерiн талқандап, теңiзiне шықты.
C) Орта Азия монғолдар қолында болды. Осылай жылға қарай Шыңғысхан өз билiгiн шығыста Амурдан, батыста Әмударияға дейiн орнатты.
D) Монғол басқыншылығы кезінде Оңтүстiк Қазақстанның және орасан зор зиян келтiрiлдi.
Дулат Бабатайұлы
Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.
- сияқты шындық жергілікті басшыларға бұдан бір, бір жарым ғасыр бұрын ғана емес, «одақтасып» тұрған кезіміздегі біздің де ұлықтарымызға тән еді. Дулат ақынның бұл жердегі байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе? Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәттерде бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс «майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та:
«Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға...» -
деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де осылайша сөйлетіп қойған - өмір шындығы, олардың сол шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Абайдың қазақ халқының тағдырын толғаған кеп сөзі жүз жыл кейінгі біздің заманымызға арналғандай көрінсе, Дулаттың да:
деп, заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан жақсыларды сынап, «қармайтұғын талы қалмай, тереңге сүңгіген елі» туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен төккен арманын» айтады. Бұл - Дулат пен Абайдың ортақ зары, заманы, ортасы тудырған шындық үні. Дулат - Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға бір табан жақын келген, Еуропа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жаралып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше түсетін, авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба поэзияны бастаушы - ұлы Абай десек, Абайдың тақыр жерден өнер таппағанын және білуіміз керек. Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін «кезбен көрсетіп, қолмен ұстататын» мысалдармен дәлелделік.
Дулат өлеңдерінің ерекшілігі
Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол өзгешеліктің бірі - шығарманың белгілі мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны (тақырыпты) білдіруі шарт, сонымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын құрылымдық белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сандары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей түсіп, сол елеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек. Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды: шумақ - қазақ поэзиясы құрылымында бұрыннан бар тәсіл, оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларыңда жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан басталады. Ақынның «Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады. 1- шоғыр:
Объяснение:
қорқыт ата шығарма нақыл сөздері
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайы ара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».