В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Mironovа
Mironovа
14.09.2020 11:29 •  Қазақ тiлi

А. Тірек сөздерді анықта. Б. Күрделі жоспар құрастыр.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. Ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.
А. Байтұрсынұлы Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы халқын бодандықтан құтқару жолындағы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылып, сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары — Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірге 1913 жылдан бастап «Қазақ» газетін шығарып, жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін «Алашорда» үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамай, қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ берді. 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылды. Кейін босап шыққанмен, 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.
Міржақып Дулатұлы (1885-1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көсемсөз шебері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. Туған жері — Торғай уезі, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жангелді ауданына қарасты Қызбел ауылы). Әкесі — Дулат балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды. Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлымен бipre «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң 1922-1926 жылдары Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipгe қамауға алынады да он жылға сотталып, 1935 жылы айдауда қайтыс болады.
Халқымыздың қос ардақтысы, алаш көсемдері — Ахмет пен Міржақып 1988 жылы ақталып, есімдері халқына қайта оралды.​

Показать ответ
Ответ:
Alinwhite
Alinwhite
11.04.2022 13:39

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Біз үшін Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиеті поэзиясының қанатын кеңге жайып, жаңа деңгейге көтерілуіне орасан зор үлес қосқан шоқтығы биік, дара да, дана тұлға болып қала бермек. Абай қазақ поэзиясында жас ұрпаққа терең ойға толы сан алуан өлеңдер үлгісін қалдырғаны белгілі

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sanya3110
Sanya3110
15.07.2020 07:26

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем — синтаксистік компоненттеріндегі баяндалған оқиға-әрекеттер бір-біріне қарама- қарсы қойылатын құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдегі қарсылықты мағына екі түрлі кұбылысты, іс-әрекетті, көріністі салыстыра баяндауға негізделеді. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бір компонентінің баяндауышы болымды, енді бір компонентінің баяндауышы болымсыз тұлғада беріліп, қарама-қайшы мән туғызады. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына бірнеше түрге бөлінеді:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота