«Ақыл жастан шығады,асыл тастан шығады» мақалының мағынасы.
Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады» деген халық мақалы балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған. Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған бала ойы ұшқыр, дана болады. Жастайынан білімге құштар қылып өсірген бала болашақта да үлкен жетістіктерге жетеді, ата - ана үмітін ақтайды. Яғни, барлығымыз туа сала бәрін біліп тумаймыз, алайда үйреніп, оқып - білеміз, сол сияқты асыл тастар да табиғатта саф (таза) күйінде кездеспейді, әуелі олар тас болып, зергердің қолына түсіп, өңдеуден өтіп барып асыл құнды асыл затқа айналады.