Иә, су – бар тіршіліктің көзі, әлдеқашаннан табиғаттың айырып ала алмас бөлігі. Сусыз өмір өлді, солды деген сөз. Ал қазақ даласы табиғи суларға бай емес. Себебі сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі әлдеқайда төмен орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр.
Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Бірақ олардың саусақпен санарлық кейбірі ғана үлкен көлемді өзендер.
Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза тұщы суға деген тапшылық байқалады.
"Су ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын балығы жоқ" демекші, суды тиімсіз пайдаланудың кесірінен ел экономикасы әлсіреп, денсаулық пен шаруашылық көрсеткіші құлдырайды.Сондықтан кімде-кім өзімізден бастап үнемдеп, қоқсытпай, тиімді қолдансақ, мүмкін, су қорының мөлшері ұзаққа жетіп қалар.
Мен Қарағанды облысының Балқаш қаласында тұрамын. ТМД аумағында Балқашты білмейтін адам жоқ шығар. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.
Елбасымыз бекіткен «Қазақстан 2030» стратегиясының басты бағыттарының бірі – еліміздің су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Осы ретте жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жататын Балқаш көлінің маңызы аса зор.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлінде балық аулау шаруашылығы мен кеме қатынасы жақсы дамыған. Сонымен қатар көл суы өнеркәсіпте және егістік суаруға кеңінен қолданылады.
Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады.
Дегенмен Балқаштың бүгінгі жағдайы жұртты алаңдатады, себебі көл қазіргі таңда өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған. Түрлі металл қалдықтары көл түбіне шөгіп, тіршілік көзін жоюда.
Еліміздің су ресурстары.

Белгісіздік есімдігі:әлдеқашан, әлдеқайда, кейбірі, кімде-кім.
Балқаш көлінің маңызы.