В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
2003nur
2003nur
20.08.2020 22:04 •  Қазақ тiлi

Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры» өлеңі

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

Өлең бойынша сұрақтар:

Жаз кезіндегі қысқа байланысты
қандай ақпарат айтылды?

a. көз

b. жүз

c. сыз

Жаздың көркін білдіретін
мәліметті тап.

a. жас құрбысы

b. жыл құсы

c. күлкісі

Шаруа жастарға қатысты тіркесті
табыңыз.

a. көрісу

b. елмен араласу

c. мауқын басу

Жер бетіне әсемдік сыйлайтын не?

a. гүл-бәйшешек

b. торғай

c. бұлбұл

Саудагерге қатысты ақпаратты анықта.

a. егін

b. пұл

c. мал

Өлеңнің тақырыбын не жайында?



Автордың негізгі ойы не?



Көктем мезгілін сипаттап жаз

Қажетті сөздер: күннің көзі, жыл құсымен, гүл-бәйшешек, торғай
сайраса, диханшылар жер жыртып, егін егер.

А) сөздерді қолданып, әңгіме жазады;

В) теңеу, эпитет сөздерді қолданады.

Показать ответ
Ответ:
sevsdasdaddd
sevsdasdaddd
12.10.2020 15:49

б

б

с

а

б

олен жаз туралы.

жаздын коркин, асемдилигин корсету.

Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота