Ғабиден Мұстафин (1902–1985) 29 қарашада қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 14 жасында зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4-сыныбына түседі. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады. Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді. Мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.
Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» журналында жарияланады. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен басылып шықты. 1930 жылы көктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істейді: слесарь, токарь мамандығын меңгереді.
1938 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалады. Көп кешікпей, Новосибирск қаласында қазақ тілінде «Қызыл ту» атты газеттің шығуына байланысты, сонда жіберіледі. Газет жабылғаннан кейін (1938) Алматыға келеді. 7–8 жыл көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыста қаламы төселіп, өмір тәжірибесі молайып қалған оның Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазған тұңғыш романы «Өмір не өлім» 1940 жылы жеке кітап болып басылды. Бұрын өндіріс тақырыбына «Алыптың кереметтері» (1936) очеркі мен «Керуен» (1938) атты әңгімесі жарияланған автордың аталған романы қазақ әдебиетінде бұл саладағы алғашқы күрделі туындылардың бірі болды. Он шақты жылдан кейін осы тақырыпқа қайта оралып, «Қарағанды» (1952) романын жазды. Алғашқыда «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қатардағы қызметкері (1938–1940), кейіннен редакторы (1940–1948) бола жүріп, жемісті шығармашылық еңбек етті. Колхоз-совхоз сахналарына арналған бірнеше шағын пьесалар («Айғақ», 1942), көптеген әңгімелер жазды. «Шығанақ», «Дауылдан кейін» романдары мен «Миллионер» повесі ауыл өміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеуге арналды. Соңғы күрделі шығармасы – «Көз көрген».
1953–1956 және 1962–1964 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1958), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алтыншы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ленин орденімен (2 рет), ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту (2 рет), Халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Бұл мәліметті қысқаша жазып бересіңдер ме?
Әйел үйдің сәні, себебі, ер адам табыс тапқанымен үйдің барлық жағдайын жасайтын әйел, тазалығын, бірлігін сақтайды, балаларын тәрбиелейді.
Әйелдің жолы үлкен, бұл жерде тек ана болғандығынан жолы үлкен.
Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар. Мақалда айтылғандай, ер адамда жағымсыз әрекеттер болса жақсы әйел елге жария етпей өзінің жақсы мінезімен жөндейді, жаман әйел күнде ұрыс шығарып, елге жаяды. Жақсы әйел ерінің жақсылықтарын мақтаныш етіп, ерінің мерейін үстем етеді.
Әке көрген оқ жонар- яғни әке тәрбиесін көрген ер бала ер адамға лайық істердің бәрін әкеден үйреніп, өмірге дайын болады. Шеше көрген тон пішер- шеше тәрбиесін көрген қыз, анасынан көргенін өмірде қолданып, ісімен де сөзімен де алған тәрбиесін көрсетеді.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің- бұл мақалда отбасында көрген тәрбиең қандай болса, өмірде сен де сондай болатының туралы. Мақалдардың бәрі тәрбие туралы.
Облыс құрамына үш қала кіреді: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, төрт поселке мен он ауылдық аудан. Облыс орталығы – республиканың көне, әдемі қалаларының бірі Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы ең ірі Ертіс өзенінің жағасында орын алған. Ақындар өлеңдеріне қосып айтқан қала кең даңғылдарымен, көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен, гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда қай мезгілде болсын таза және жайлы.
Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Палодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғайды. Мұражайлар, көрмелер, мәдениет жетістіктерінің тұсаукесерлері мұнда өте танымал және келушілерге бай. Қаланың тарихы бай және оның ертеден келе жатқан мәдени дәстүрлері бар. Павлодар Ертіс өңірі - атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлерінің Отаны болып табылады. Мұнда Қаныш Сәтбаев, Григорий Потанин, Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапық Шөкин, Жұмат Шанин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Әбілев, Шәкен Айманов, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Павел Васильев және тағы басқа тек облысты ғана емес,сонымен қатар Республикаға танымал қайраткерлер туған. Ертіс бойымен ақ жартасты жолақ сияқты біздің мейірімді, қонақжай қаламыз жайылып жатыр.
Екібастұз қаласы 2007 жылдың 12 маусымында өзінің елужылдық мерейтойын атап өтті. Қаланың пайда болуы және тарихы Екібастұздық тас көмір орнының дамуымен байланысты. 1954 жылы алғашқы көмір алабы пайдалануға берілді. 1957 жылы Қазақстан картасында жаңа қала Екібастұз пайда болды. Қазіргі уақытта қала және ауылдық аймақ халқы 140 мың адамды құрайды. Қалада бір жоғары оқу орны, жеті ССУЗ және КЛ, қырық төрт жалпы білім беру, бес балалар спорттық, бір көркем және музыкалық мектептері, 28-ден аса балабақша, 40 емдік мекемелері жұмыс атқарады. Мәдени – ағартушылық объектілеріне орталық қалалық кітапхана, құрамында 10 этномәдени орталықтар қызмет жасап жатқан Достық үйі, қалалық мұражай, “Өнер” орталық қалалық мәдениет сарайы, қалалық мәдениет және демалыс паркі “Шахтер” жатады.
Ақсу қаласы (1993 жылға дейін - Ермак) — Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында Павлодар қаласының оңтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан. Қала аумағы және оның ауылдық аймағы солтүстігінде – Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде - Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, батысында - Павлодар ауданымен және шығысында Екібастұз ауылдық аймағымен шекараласады.
Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Ертіспен қиылысқан жолда түрақ пайда болып, екі поселкі дами бастады: әкімшіліктік және жұмысшы. 1914 жылы жаңа Ермак поселкісінің жоспары бекітілді. 1993 жылы 4 мамырда Ермак қаласы Ақсу қаласына өзгертілді. Бірнеше жылдан кейін облыс әкімінің шешімімен 1997 жылғы 9 шілдеде Ақсу ауданының аумағы Ақсу қаласының шекарасына, ауылдық округтер мен Қалқаман поселкісі Ақсу қаласының әкімшілік қарамағына тапсырылды.
Қазіргі кездегі Ақсу – бұл Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы дамыған қала. Қала тұрғындары 70 000 адамды, ауыл тұрғындары 29 000 адамды құрайды.
Қаланың өнеркәсіптік инфрақұрылымын екі кәсіпорын құрайды: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еврозиаттық энергетикалық корпорация электр станциясы.
2001 жылдан бері қала энергетиктерімен 5.580.7 миллион киловаттсағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді. 1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауыты объектілерінің өнеркәсіптік құрылысы басталды.