Адам құқығы «Дербес пікір». қатысты пікіріңді салалас құрмалас сөйлем түрінде жаз.
1) Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем.
2) Дәлел – екі сөйлем.
3) Өз пікірін дәлелдейтін мысал – екі сөйлем.
4) Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем.
5) қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлем.
6) Қорытынды – екі сөйлем.
Қосарлы айқындауыш
Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөздер тобы. Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды, сондай - ақ өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.
Мысалы: Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.
Мысалы: Әнші Күләш, Біржан сал, Ақан сері, инженер Ахмет, Әмина ханым, Серік мырза, панфиловшы - ұландар.
Оңашаланған айқындауыш сырт тұлғасы жағынан анықтауышқа ұқсас болып келеді. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән сын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын толықтырып, нақтылайды.