В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Zx265
Zx265
12.10.2020 06:17 •  Қазақ тiлi

Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді. Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.

1-тапсырма.

Мәтін мазмұнына қатысты 1 сұрақ құрастыру.

2-тапсырма Сұрақтарға дұрыс жауап беру

⮚ «Ұлы Жібек жолы» деген атауды кім берді?

⮚ Қазақстан жерінде қандай қалалар бой көтерді?

⮚ «Ұлы Жібек жолының» үшінші «бұлғын жолымен» нелер тасылған? ​

Показать ответ
Ответ:
karevmaxim4974owjcrc
karevmaxim4974owjcrc
30.10.2021 20:19
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж.)
Сегіз қырлы бір сырлы дарын.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. 

Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Қазақстан Кеңестерінің құрылтайына делегат, Оқу коммисариатының коллегия мүшесі болу, «Қазақ тілі» газетін өңдеу, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогикалық техникумының директорлығы – міне мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.

Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. 
Ол, В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан , А.С.Пушкин, Н.В. Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдеби, эстетика, сын саласына араласты: сан қилы проблемалық мақалалар жазды. Сол сияқты «Күнікейдің жазығы», «Ақбілек» романдары, сан алуан пьесалары – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

                                                                

Ауыз өдебиеті көркем ойлау мен көркем сөздің озык ұлгісі  ретінде калыптаскан. (Ә. Қоңыратбаев. )
Ауыз әдебиеті — халқымыздың ауызекі шііғарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халкы-мыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлык кимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Ауыз әдебиеті — талай-талай ғасырлар жемісі. Халық оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сактап, ұрпақтан-үрпакка мүра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Ауыз әдебиетінің түрлері. Халық ауыз әдебиеті бірнеше түрде және эр түрлі жанрда дамыған.
Халык ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а) түрмыс-салт жырлары; ә) мақал-мәтелдер, жүмбақ-тар; б) ертегілер; в) эпостық жырлар; г) лиро-эпостық жырлар; д) айтыс өлеңдері; ж) тарихи жырлар; з) шешен-дік сөздер, т. б.
Ауыз әдебиетіндегі түрмыс-салт жырлары, көңіл күйін білдіретін кара өлеңдер мен ән мөтіндері лирикалық жанрға, ал ертегілер, аңыз ертегілер, батырлар жыры эпостық жанрға жатады. Драмалық жанр бүрын болған емес, ауыз әдебиетіндегі "Жар-жар”, айтыс өлеңдерінде онын тек жүрнақтары ғана болған. Драмалык жанр — жазба әдебиеттің жемісі.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы кейбір айырмашылықтар. Ауыз өдебиеті де, жазба әдебиет те —көркем туынды, асыл сөз өнері. Бүл жағынан келгенде, екеуінен де көркем шығармаларға тән барлык сапалық қасиеттерді үшыратамыз. Дегенмен ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылықтары, ерекшеліктері бар. Атап айтканда: 1. Ауыз әдебиетінің белгілі бір авторы жок. Басында оларды шығарған ақын-жыраулар болған, заманы өте берген сайын олардың алғашқы шығарушыларының есімі үмыт калып, олар жалпы хальщтык шыгармаға айнальш кеткен. 2. Ғасырлар шеруінен, талай өлеуметтік, коғамдык топтар елегінен өтіп, сан алуан өзгерістерге үшыраған. Олардың алғашкы нұскасы езгеріп, көптеген жаңа нұсқалары пайда болтан. Мысалы, "Қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырының он бес, сол сияқты "Қобыланды”, "Алпамыс” дастандарының бірнеше нүскалары болған.
3. Ауыз өдебиетінде синтаксистік кдйталаулар, тұракты үйкастар, сөздер мен сөйлемдердің қайталануы жиі кез-деседі. Мысалы, "Қамбар батыр” жырында:
Алпыс үйлі Арғынның,
Токсан үйлі тобырдын...
Ал "Қыз Жібек” жырында:
Базарбайдың Төлегені Талай көштен өтеді,
Сонда бір көшке жетеді,
Көш алдына караса,
Бір қыз кетіп барады...
Немесе "Қобыланды” дастаньінда:
Тайбурыл атты күтыртып,
Оган да келді сыдыртып... —
деген жолдар бірнеше рет кайталанады. Мұндай қайталаулар ертегілерде де баршылық. Ертегілердің көбі "Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні борте екен” деген сөздермен басталады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота