Адамдар ықылым заманнан бері су бетінде саяхаттай бастады. Қазіргі зерттеушілер тарихта ежелгі мысырлықтардың су бетінде жүзіп, кеме құрылысымен тұңғыш болып айналыса бастағанын айтып отыр. Біздің заманымызға дейінгі шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болған кемелер папирустан жасалған. Бұл кемелердің сипатын норвегтің танымал саяхатшысы Тур Хейердалдың Ра деп аталатын папирус қайықтарына қарап отырып елестетуге болады, саяхатшы оны ежелгі мысырлықтардың кемелеріне қарап жасаған. Кемені құрастыру үшін папирусты жинап байлап, басы мен аяғына дейін қайыса жалғанатын, мұнымен қатар, папирустар тростар арқылы кеме қаңқасының желкенінен тартылатын. Мысырлықтардың кемесінде ескекпен бірге желкендер де болған. Бұл кемелер негізінен Ніл өзенінде жүзуге арналды, бірақ олар одан да ұзақ уақытқа жүзуге арналған болуы да мүмкін. Ра- 2 кемесімен Атлант мұхитын кесіп өткен Тур Хайердал мысырлықтардың кемесінің теңізге де шыға алатынын көрсетіп берді.
Кеме соғу ісінде финикиялықтар аса шебер болған, олар өз кемелерін өз елдерінде қалың өсетін балқарағайдан жасаған. Финикиялықтар шпангоутты ойлап тапқан деседі, шпангоуттар кемелердің қаңқасын қатты ете түсті. Зерттеушілердің басым бөлігі финикиялықтардың бұл өнертабысты Крит аралының кеме соғушыларынан алды деп есептейді, белағашты да солардан көрген делінеді.
Қалай болғанда да біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын кемелер бүгінге дейінге сақталып келе жатқан формада жасала бастаған.Олардың қаңқасы берік шпангоуттар мен ұзына бойы қапталатын стрингер каркастан жасала бастады, ал кеменің тұрақтылығы белағаш арқылы қамтамасыз етілді. Бастапқы кезде белағашты екі бөренені белгілі бір бұрышын біріктіру арқылы жасалса, белағаштың қазіргі құрылымы кейіндеу шығарылды. Кеменің діңгегі мен қарадүрсін желкені болды.
Желкеннің жетілдірілмеуі олардың тек көмекші құрал ретінде түсінілгені болса керек, осылайша кеменің негізгі қозғалтқышы ескек болды. Кеменің жылдамдығы ескекшілердің санына тікелей байланысты болды. Бастапқыда көп ескекшіге арналып, ұзын кемелер соғылды, кейін болса бес деңгейлі қабатқа отырғыза бастады .
1.Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) ақпарат беру В) сын- пікір айту С) көзқарас білдіру Д) талқылау Е) нұсқау беру
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
1. Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.
Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған.
Объяснение:
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.