В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
privet45
privet45
09.08.2022 03:12 •  Қазақ тiлi

●Адай мен қоршаған ортаның байланысты жайында ойланып көрдік пе? ●Суретте қандай фильм бейнеленген? Бұл фильмді көрдіңдер ме? ​


●Адай мен қоршаған ортаның байланысты жайында ойланып көрдік пе? ●Суретте қандай фильм бейнеленген?

Показать ответ
Ответ:
Болыс111
Болыс111
04.06.2023 17:27
ДАЛА СҰҢҚАРЫ ҚИЫРҒА ҚАРАЙДЫ

Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылмық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды. Тапқыр, ықшамды Шоқан балалардың ішіндегі ең жатық, шебер ойнайтыны болып алды. Ойын үстіндегі айтыс-тартыс сөздер Шоқанның тілін бұрынғысынан әлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып, Ертіс үстінен қызыл су жүріп, жаз лебі есті. Неге екені мәлімсіз, Шоқан бұл жексенбіде Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйіне бармай, Ертіс бойына баруды ойлады.

Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан, дегенмен қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып кеп отырады. Бүтін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.

Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киімінен жеңілдеп өзен бойына шыққан. Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезі. Екіншісі, күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі. Әсіресе сең жүрген кез, көктем лебімен мұнартқан дала сәулетін көтеріп, аса көңілді болады.

Кеше кешкілікте «ертең сең жүреді» деген елдің лақап сөзін естіген Шоқан түнімен елегізіп аз ұйықтаған.

Шоқанның әрдайым келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік мұрыншақ жарының үсті. Тағы да сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспан атқан сағаты. Қыстай бетін басып шегендеген темірдей мұзды быт-шытын шығарып, асау ағын көтеріп, әлдеқайда әкетіп барады.

Уақыты жетіп заман жылуы келгенде, қандай күш болсын, осы өзен мұзындай қопарылады. Ағынға түсіп жылжып жөнеледі.

Күтірлеп сынған қалың мұздар бірін бірі қаға жылжып, бірі шетке қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып жатыр. Шапан жамылып, шәлісін төгілткен татар ханымдары, асыл киініп алқына басқан қала нәндерінің бәйбішелері ішін тартып, таңданып, өзен ғажайыбына үңіледі. Су бұрынғысынан әлдеқайда көтеріліп, жардың ернеуіне шыпылдап келіп, қалаға лап қоярдай лепіріп жатыр.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ezdar04
ezdar04
23.05.2020 04:43

ответ:Әркімнің туған анасы, туған әкесі бар. Сенің әкең де - сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің анаң да нағашы атаң мен нағашы әжеңнен туған. Әрбір ана мен әке өз балам адам боп, азамат боп ержетсе екен деп тілейді, аялап өсіреді, бағып-қағады. Ата-ана деген кім? Оқушы көзімен оқып көріңіз ...

Ата-ананың балаға деген мейірінде, қамқорлығында, оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек жоқ. Әкең мен шешең саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту - өмірді ғана сыйлаған жоқ, бақыт та сыйлады. Бақытты бал дәурен балалық, қайғысыз-қамсыз жастық шақ, алаңсыз оқып, еңбек машығын алуыңа қолайлы жағдай ... Бәрі-бәрі сенің сыбағаң.

Ата-анаң туған ел үшін, сен үшін құлшына еңбек етеді, терін төгеді, жұмыста бейнет шегеді. Ендеше, үлкендердің, ата-анаңның өзіңе сіңірген еңбегін бағалай біл. Сенің әр қимыл-қылығың, әр ісің ата-ананың жүрегіне қуаныш не реніш боп оралады. Ата-ананың өз балаларын сүюі қандай шексіз болса, балалардың өз әкесі мен анасы алдындағы борышын да еш нәрсемен өлшей алмайсың.

Сенің мектептен әкелетін "бестік" не "төрттік" бағаң олардың төбесін көкке жеткізетінін ұмытпа. Керісінше, сенің кемшілігің, салдыр-салақтығың, құрбы-құрдастарыңның қатарынан кейін қалуың, көзге түрткі болуың олардың шашын ағартып, тнніма ріта беліма.

Ата-анаң тек әке-шешең ғана емес, екеуі де еңбекқор, өз істерінің шеберлері, елдің елеулі азаматтары. Сүйікті Отанға сіңірген ұза жылдардағы еңбегі арқасында сый-құрметке ие болған жандар. Әке-шешеңнің өткен өмір жолын, елге сіңірген еңбектерін танып біл, сыйла, құрметте! Оларды әрдайым мақтан тұт!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота