Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан.
ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр (моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл - өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы, сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.
Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында – Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен.
Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады.
Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. Бұл ретте Алакөл аумағындағы балық аулау мен аңшылық өте танымал.
Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді, сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ үйлер мен демалыс үйлері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Қабанбай мен Көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді.
( https://visitkazakhstan.kz/kk/guide/information/5/134/)
1. Мәтін бойынша жоспар құра.
2. Мәтіннің негізгі ойын анықта.
3 .Мәтіндегі етістіктерді теріп көшіріп жаз.
Етістіктерге талдау жаса.
Етістіктердің шағын анықта.
Жазылым
Берілген тапсырмалардың біреуін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Орфографиялық нормаларға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
1.Шоқан Уалиханов.
Сіздер сабақта Шоқан туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Шоқаннаң өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаяны туралы ақпарат беретін диалог жазыңдар.
2. Қазақ жері. Қазақ даласының табиғаты керемет. Қазақстанның табиғаты қандай? Қандай аймақтары бар? Қазақстан жерінде не өсіріледі? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып эссе құраңыз я на соче
ответ:3блин мне тоже это надо помагите Объяснение: