В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Povelitel2004
Povelitel2004
02.01.2021 14:11 •  Қазақ тiлi

Алимбетов Ержан 1976 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 112 орта мектебінің түлегі. Онымен қатар 1-ші қалалық музыка мектебінде оқыған.1991-1995 жылдары Қызылорда музыка училищесінде оқыған.1996-2001 Алматы қаласының Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында білім алған. Ұлытау тобының экс-солисті.2018 жылдан бастап Жамбыл атындағы Мемлекеттік Қазақ филармониясының солисті. ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет Қайраткері. Өзім Қызылорда өңірінің тумасымын. Кішкентай кезімнен домбыраның «құлағында ойнаймын» десем де болады. Негізі біздің әулетте дәулескер домбырашы болмаған. Рахмет атам жырау болған екен. Өз бетімше талаптанып музыка мектебін, одан кейін училищені бітірдім. Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқып жүргенімде Қыдырәлі ағамнан ұсыныс түсті. 1990 жылдардың аяғында жұмыс табу өте қиын болатын. Кез келген жұмысты істеуге құлшыныс білдіретіндер көп-тін. Ең алдымен іріктеу жүргізді. Таңдау маған түскенде қатты қуанғаным рас. Бүгінгі биігімізге жету үшін аянбай тер төгіп, күн түн демей жұмыс істеуге тура келді. Топта жұмыс істеу өзіме қатты ұнайды. Ең бастысы «тірідей» ойнау ұнайды. Кез келген топта мұндай мүмкіншілік бола бермейді. Өзімді «Ұлытаудан» бөліп қарай алмаймын. Бұл топтан кетем деген жоспарым жоқ. Басты мақсат – қазақтың қара домбырасы мен шежірелі күйін, классикалық музыкасын әлемге таныту. Осы жолда қамау терді аларлықтай аянбай еңбек ету. Бастысы - қазақ үшін, қазақ өнерінің болашағы үшін.

Показать ответ
Ответ:
liza4608
liza4608
25.06.2020 08:55

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
LilllOOo
LilllOOo
07.02.2021 20:17

тауының солтүстігінде орналасқан тау. Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді.

Аңыз бойынша ертеректе алып күш иесі, арманшыл бір батыр осы өңірде өмір сүріпті. Жас кезінде уайым-қайғы дегенді елемей өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне жоңғарлар мен қалмақтар жиі-жиі шапқыншылық жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға көтеріп, астан-кестең қиратып, жау әскері төрт-түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір-бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, ауыз бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақсылық жасасам сонда олар тынышталар ма еді» – деген оймен кетпекші болып, өзіне болат қылыш пен дулыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққан екен. Жаумен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады. Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үстіне шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсінеді, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл-дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқы- ға беріледі. Жеке батыр бетегелі далада тас болып жатыр.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота