Алтайдағы қасиетті орындардың бірі — Мұзтау (4506 м.). Мұзтау — Алтай тауының ең биік шыңы.
Үндінің қасиетті аңыздарында Мұзтау ды «төрт
мұхиттың кіндігі» деп сипаттайды. Шынында да,
Мұзтау Солтүстік мұзды мұхит, Тынық мұхит пен Үнді
мұхит сияқты үш мұхиттың дәл ортасында орналасқан.
Ежелгі жазбаларда ол «Жер кіндігі» деп аталады.
Мұзтауда ежелгі адамдар өмір сүрген үңгірлер,
түркі заманынан қалған ескерткіш көп. Ең терең
үңгір
«Экологиялық» деп аталады. Оның
ұзындығы — 3 шақырым, ал төмен қарай 345
метрге созылған. Ары қарай жерасты өзені
басталатындықтан, зерттелмеген.
Жер шарының энергетикалық өрісі Мұзтауда
тоғысқан. Оның энергетикалық өрісі ғарышпен
байланысты. Келген адамдарға Мұзтау күш береді,
денсаулығын түзейді Адамдар біресе Мұзтаудың
әдемілігіне қызы ғады, біресе қасиетіне таңғалады.
Ең биік мұзды мұхит
«Жер кіндігі» орналасқан
Төрт мұхиттың шың
Солтүстік деп аталады
Дәл ортасында кіндігі
Ежелгі жазбалар
1) Мұзтауда не көп?
2) Ең терең үңгір қалай аталады?
3) Үңгір неге зерттелмеген?