Алтын Емел" ұлттық паркі «Алтын Емел» атауы моңғол тілінен шығады және «Алтын ер» дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс. 1-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді, тіркесті сөздерді тауып жаз. 2-тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жаз. 3-тапсырма. Берілген сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауап бер. «Алтын ер» деген ненің атауын білдіреді? Ер-тоқымға ұқсайтын қандай асу? 4-тапсырма. Мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты табыңдар. Отбасы Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. 5-тапсырма. «Әрбір отбасының өз құндылықтары болады» өз пікіріңді дәлелде. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша...» Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны ... деп түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармен, дәлелдей аламын». Төртінші сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім».
у меня сор