Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 7-сынып 1- тапсырма. Сөздерді дұрыс сөз тіркесі шығатындай етіп сәйкестіріндер 1.Рухани А.қатысты 2.Тілімізді В.байлық 3.Жылының С.атылды 4.Жобаға Д.ұмыту 5.Жазықсыз Е.басында 2- тапсырма. Көмекші есімдерді тап. 1.Өз тіліңді білсең. 2. тіл байлығы 3. үйдің алдында 4.байқауға қатысқандар 5.төрт жасынан. 6.бұйра шашты. 7.бала кезінен 3- Сөздерге тиісті көмекші есімдерді жалғап жаз Үйдің мектеп орналасқан. Бөлменің адамдар көп. Достардың жауапты балалар бар. Мектептің кітап дүкені бар. 4- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер Көп тіл білетін адамды қалай атайды? Анна жоба жұмыс бойынша неге жеңімпаз атанды? Мағжан Жұмабаевтың шығармалары немен танымал?
Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан.[2][3].
Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.
1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады.
Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925).
1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.[4]
1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
Жаһандану-бұл біз үшін өте қауіпті әрі қорқынышты құбылыс.Өз ойым түсінікті болу үшін бір ұқсас мысал келтіре кетейін.Кешегі Кеңес үкіметі құрылғанда коллективизация деген саясат болды,соның кесірінен қаншама құндылықтарымыздан айрылдық,ал жаһандану соның өте-мөте үлкейтілген,дамытылған,обыр кескіні десем болар.Ол біздің мәдениетімізге де,әдебиетімізге де,салт-дәстүрімізге де,тіпті санамызға да мүлдем басқаша сипатта өзгерістер әкелу қауіпі бар.Жаһанданудың ең қорқыныштысы сол,біз одан тыс қала алмаймыз.Бірақ өзімізді сақтау мүмкіндігіміз бар,ол өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға,салт-дәстүрлерімізге,тарихи мұрағаттарымызға,өзіміздің қазақи менталитетімізге барынша мұқият болу,иелік ету. Бұның бәрі жастардың қолындағы шаруа,жасы келген адамдарды ешқандай жаһандану ала алмайды.