В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Караго
Караго
03.07.2020 21:50 •  Қазақ тiлi

Ана. әкесінің әкесі
әже. өзінен жасыкішіер
эке. бір атадан тараған туыс
правильно их совместите. ​

Показать ответ
Ответ:
smetankaplaydop0c2u6
smetankaplaydop0c2u6
28.11.2021 23:54

Қасқа көл дауы

Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген келге талас, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші екен. Екі қарт бірыңғай болады да сәлем хат жазады...

Ормамбет хатпен жауап қайырады. Халық жиналып бір олай, бір былай сөйлесіп, ақырында үй тігіп сөйлесуге келіседі: «Қасқа көл туралы Айқын көлге үй тігелік» десіп екі ел жиырма үй тігеді. Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлемдеседі. Сонда Төле:

— Ай, Ормамбет! Мен әлі тірімін, өлгем жоқ, бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоқсын, ер кетер, жер жетер, Ормамбет! Ешкімге опа қылмас дүние боқ! Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласың, біз барып қайттық, сен ілгері барасың, біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз, сен жас едің көңілдегіңді аларсың! —дейді.

Әйтеке де Төленің сөзін қостап:

— Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген, бізге кейінгілер осыны айта ма деп ойлаймын,— дейді. Сонда Ормамбет:

— Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әр кімдер-ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, ақыретте мұндай істер жаман деген,— дейді.

— Ей Ормамбет, сен бізге Қасқа көлді беріңіз, Қасқа көл рас сізге жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан залал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз. «Үш жүздің ортасында Қасқа көл берсе қайырын тілеп көріңіз. «Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар»,— дейді Төле. Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды. Ормамбет екі шалға ырық бермеген соң Төле қатты сөздер айтады. Дау бітпей, Ормамбет еліне қайтады. Үйіне келген соң даудың мән-жайын бастан-аяқ сөйлейді. Сонда анасы:Балам, қарт билерді бекер ренжіткен екенсің, әлде болса, тілімді алсаң Қасқа көлді бөліп бер,— дейді. Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді. Үй тігіп, тоғыз бие сойып Төле мен Әйтекені шақырады.

Билер келіп мәжілістесіп отырғанда Төле былай дейді:

— Әйел жақсы болса білім иесі батыр туады, жаман болса ер бөксе болса да қатын туады. Әйел жақсы болса ердің басшысы емес пе?! Бұрынғылар осылай демес пе? Қасқа көлді алам деп келіп едім, Ормамбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде қалып, мәңгіде тірілмейтін өлік едім, Жеңгей! Мені тірліттіңіз, енді балаңызға бата берейік,— дейді. Көлді ынтымақпен бөлісіп ел ризаласып тарқапты.

Объяснение:

надеюсь правильно

0,0(0 оценок)
Ответ:
tanya1502
tanya1502
17.01.2021 04:29

Емен (лат. Quercus) – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қо дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота