Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайты.Біздің туған тіліміз, ана тіліміз - қазақ тілі. Біз ана тілімізде сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, білім аламыз. Әр ұлттың өз туған, ана тілі болады. Ана тілі бізге анамыздың ақ сүтімен дарыған.