Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбеті. Ол – шығысы мен батысы Алтай мен Атырау, түстігі мен теріскейі Қаратау мен Батыс Сібір ойпаты арасындағы кең-байтақ өлкеге созылып жатқан қазақ жерінің бел ортасына, тоғыз жолдың торабына орналасқан кіндік қала, елордасы. Жалпақ әлемге Астана немесе «үшінші мыңжылдықтар астанасы» аталып жас қала мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен аз ғана уақыт ішінде бой көтерді. Астана – егемен елдің тәуелсіздік жолында атқарған ұлы істерінің мазмұнымен өрнектелген құнды шежіресі. «Астана» сөзі қазақ қолданысына араб тілінен ауысқан. Оның араб тіліндегі түпкі мағынасы «жұмаққа барар жолдағы табалдырық» дегенді білдіреді. Қазақ ақын-жырауларының сөз қолданысында астана «байтақ ел, бақ қонған жер» деген мағынада қолданылады У МЕНЯ СОР
Туған елім, кең байтақ дархан далам – менің мақтанышым. Себебі, мен осы дархан далада дүние есігін аштым. Осы жерде алғаш қадам бастым, мектепке бардым. Менің қасиетті Отаным – қазақтың киелі жері!
Сол киелі жерде қаншама талантты да зиялы, ақылды да мейірімді адамдар дүниеге келді! Сондай адамдардың бірегейі деп мен Нұрсұлтан атам Әбішұлы Назарбаевты айтар едім. Бұл а қшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі. Елімнің алға қойған мақсатты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Биыл алғаш рет бірінші желтоқсанда - Тұңғыш Президент күні мерекеленеді. Мемлекетіміздің әр азаматты болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде.
Нұрсұлтан атамыз балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Соның бір дәлелі Астанада және басқа да қалаларда Нұрсұлтан зияткерлік мектебінің ашылуы,ал біздің сүйікті қаламызда таяу уақытта ашылады. Менің арманым сол мектептің үмітін ақтайтың үлгілі оқушысы атану. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін.Менің Президентім аман болып,ұзақ өмір сүруіне тілектеспін. Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз!