Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды. (Арсенал – күш, қуат, қару – жарақ қоймасы). 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.
КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді.1943 жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына 775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді.Жоғары өнім алудың асқан шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды. Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.
тапсырма.Мәтінді 2 рет мұқият оқыңыз.
мәтін мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс- бұрыстығын анықтаңыз.
Ең үлкен байлық
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш- қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.
(137 сөз)
Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Жігіт өзінің кедейлігін айтып ренжіді.
Жігіттің алдынан жас тас қашаушы өтіп бара
жатты.
Көзімді ешқандай байлыққа алмастырмаймын.
Қолы мен аяғын алтынға айырбастауға келісті.
Ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен
денсаулығы.
2 тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Мәтінге қандай ат лайық?
3. Қария неге денсаулықты байлық деп бағалады?
3 тапсырма. Сөздердің аудармасын жаз
• Жоғары кеңес –
• Мойындау -
• Қиыншылық –
• Қарыштап даму –
• өркенің өссін —
• Шыққан жылы –
• Бейне –
• Төл теңге –
• Өңір –
• Мерейтой –
• Арнайы –
• Ерекше –
• тексеру-
• Қан тапсыру-
• дәрігерлік кеңес-
4 тапсырма. Сөздерге тиісті тәуелдік жалғау қосымшасын жалғап жаз
Ақша, теңге, ел, Отан
Менің Біздің
Сенің Сендердің
Сіздің Сіздердің
Оның Олардың
У МЕНЯ СОР

Объяснение: