Ауа райындағы жиі болып тұратын өзгерістер, шаруашылық қажеттіліктері пен білімді жетілдірді. Үнділіктердің жыл санауы бойынша бір жыл күнге, ол айға, әрбір ай күнге бөлінді. Б.з.-дың V-VІ ғасырларындағы үнді оқымыстылары жердің екенін білді. Өтініш көмек!!
Ғарыш
Ғарыш – бұл шексіз кеңістік. Мен жұлдыздарға қарағанды жақсы көремін! Жылтылдап тұрған ғажайып шамдар кез-келген адамды таң қалдырады. Оларға қарап ерекше шабыт, ұмтылыс сеземін. Мені: «Бұлттардың артында не бар?» деген сұрақ қызықтырады. Бұл сұраққа жауап беру өте қиын, өйткені, ғалам өте үлкен, оның нақты мөлшері ешкімге белгілі емес. Біз оның аз бөлігін ғана зерттей аламыз, себебі, технологиялық мүмкіндіктеріміз шектеулі. Астрономдар, заманауи телескоптардың көмегімен, басқа ғаламшарлар мен жұлдыздарды үнемі бақылап отырады. Осы зерттеулердің нәтижесінде, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Біз Күн жүйесі жайлы және метеориттер мен кометалардың қалай пайда болатыны туралы білеміз. Бүгінгі күнде, ғарышта көптеген жасанды жер серіктері бар, олардың көмегімен теледидар, телефон және радио байланыстары жүзеге асырылады. Болашақта, Жер сияқты тіршілік иелері өмір сүретін планета табылады деп ойлаймын.
Ғарышқа ғарышкер ұшыру – әр мемлекет үшін қайталанбас тарих. Әр ғарышкер үшін де солай. Кейбір шетелдердің ғарышкерлері ғарышқа туристік мақсатпен қас-қағым сәтке ұшуы мүмкін. Олардың ғылымға қосатын еш пайдасы жоқ. Ал біздің үш ғарышкеріміз де Қазақстанның ғылымын дамытуға ерекше үлесін қосты. Қазақтың қайсар, батыр халық екенін дәлелдеген ғарышкерлеріміз бұл салаға кездейсоқ келген адамдар емес.
Объяснение:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшінші ғарышкеріміз –Айдын Айымбетовке еліміздің ең жоғары марапаты – «Халық қаһарманы» атағын берді. Және оған «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы да қоса берілді. Осылайша, Айдын Айымбетовтің тәуелсіз Отаны, барша отандастарының келешегі, Қазақстан ғылымы үшін сіңірген өлшеусіз еңбегін лайықты бағалады. Өйткені, ол еліміздің, халқымыздың асқақ мәртебесін жаһан елдері алдында тағы бір рет көтерді.