Нан – ең қасиетті дәм. Кішкентай кезімізден ең алғаш аузымызға алатын тағам нан екеніне ешкімнің таласы жоқ. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш таттыратынымыз да нан. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. Дастархан басында да ең алғаш нанды жеуден бастаймыз. Нансыз дастарханның да, ішетін астың да дәмі болмайды. Тіпті ғарышкерлер ғарышқа ұшқанда 4,5 грамм ғана нанды өздері үшін қуат тұтады екен. Бұл нанның құдіретті ас екендігін дәлелдейді. Сол үшін зауыттардан тәулік сайын миллиондаған нан пісіріліп, халыққа тынымсыз сатылады. Нанды қалай болса солай бөліп турай беруге болмайды. Оның ұсағының өзі киелі. «Нанның ұсағын жеген бала сауапқа қалады» деген сөзді ата-әжелеріміз көп айтады. Себебі , қиыншылық кездерде бір үзім нан көптеген жандардың жаныны жалау болып, өмірден үмітін үзбеуге себеп болған. Қазіргідей тоқшылық заманда біз секілді жастар мүмкін нанның қадірін тереңнен ұқпас. Кез-келген жерде тәтті тоқаштарды жеп кете береді. Жерде жатқан нанды көрсе алмайтындар да бар. Ойланбай қоқыстардың арасына тастай салады. Бұл әрине кешірілмес күнәдей сезіледі маған. «Бір тоқтықтың бір аштығы болады» деп дана халқымыз тегін айтпаған. Еліміздің күш-қуаты болып, дастарханымыздың тұздығын келтірген қасиетті нанымызды қадірлей білейік балалар.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында