Аяқталмаған ойын Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанак
теуіп жүр. Олардың ішінде ағалы-інілі Ақан мен Асан да бар. Беттері қызара бөртіп, сырғанак
ойынынан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шlананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда
шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Балалар шананы
қайта әкелу үшін екеуі ерегесті.
Сөзі өтпеген Асан ашуланып, төмен түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне
қарай бет алды. Ақан енді не істерін, кіммен ойнарын білмей, тау басында каккан казықтай
кақшиып тұрып қалды.
Бір-бірінің тілін алғысы келмеген ағалы – інілі Асан мен Ақанның ойыны осылай
аяқталмай қалды.
M Toner
Сұрақтарға жауап бер:
1) Асан мен Ақан қайда жане қалай ойнады?
Қазақстанның көрікті жерлері.
Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.
1. Елімізде ғарыш игеруді дамытуға, Ресей мен біздің ғалымдардың бірлесіп зерттеулер жүргізуіне жақсы сеп болуда.
2. Ғарышқа қазақстандық ғарышкерлерді ұшыруға мүмкіндік береді. Қазір үшінші қазақстандық ғарышкер дайындалуда.
3. Қазақстандық азаматтарға, атап айтқанда Байқоңыр қаласы, Төретам стансасы және Ақай ауылының адамдарына мыңдаған жұмыс орындары ашылып отыр.
4. Ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін Ресей жағы қыруар қаржы төлеп отыр.
5. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық жақындасуына тағы бір себепкер - Байқоңыр!