В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
svetasvetashi
svetasvetashi
03.07.2022 16:11 •  Қазақ тiлi

Қайталау. Болымды және болымсыз етістіктер.

Болымды етістік
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді.
Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б. етістіктердін түбірлері ойна, көр, айт. Бірак бұларда бұйрықтық мағына жоқ. Сонымен бірге бұйрықтық мағына, демек, бұйрық рай тұлғасы, тек түбір тұлға ғана емес, етістіктің кейбір басқа тұлғаларында да болып отырады. Мысалы: сен кел-тір-ме, сен ойна-тқыз, сен ойла-н-ыңқыра т. б. етістіктер бұйрық рай болғанымен, түбір тұлғалар емес. Бұның өзі етістіктің түбірі деген мен бұйрық райдың жекеше анайы II жағы деген ұғымдар бір емес екенін көрсетеді.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.

Показать ответ
Ответ:
dgafar27oy9omz
dgafar27oy9omz
28.01.2020 14:18
Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Олар кедей турады екен. Бір күні шалдың қарны ашып:
-Әй, кемпір менің қарным ашты. Қане,маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді
Кемпір бауырсақ пісірейін деп жатса, үйінде ұн жоқ екен. Ол сыпырғымен бар қалған кішкене ұнды жинап,алып қаймағын қосып,нанын илеп,майға қуырып,дәмді етіп бауырсақ пісіреді.Бауырсақты пештен шығарып,ыстық болған соң,оны терезенің алдына қойып қояды.
Бір кезде, бауырсақтың көзі,ауызы пайда болып,домалап,терезеден құлап түседі. Ол айналасына қарап қойып,домалай жөнеледі. Домалап келе жатса,алдынан сұр қ оян шығады:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!-дейді қоян.
-Жоқ, Қоян , мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін:
"Менің атым бауырсақ, бауырсақ
қаймаққа иленгем,
майға пісірілгем,
терезеде суығам . Ұстатпай кеттім Атама,ұстатпай кеттім әжеме, ұстаймын,қоян,саған да!"
-деп,бауырсақ ары қарай домалап кете береді. Дәл осылай кейін оның алдынан қасқыр мен аю шығады. Бауырсақ болса, өзінің өлеңін айтып, олардан қашып кетеді. Кейін,оның алдынан қу түлкі шығады.Түлкі:
-Бауырсақ, бауырсақ қайда домалап барасың?,-дейді
- Өз жолымен домалап барамын ,- деп, жауап береді бауырсақ.
- Кетпес,бұрын маған өлең айтып берші,-дейді түлкі
- менің атым бауырсақ, бауырсақ
қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, Ұстатпай кеттім әжеме...
- бауырсақ, менің құлағым естімейтін еді,Менің мұрныма тұрып айтшы.,- дейді
Бауырсақ түлкінің мұрнына тұрып, өлең ін айтайын деп жаиқаны сол еді, түлкі оны мұрнымен лақтырып жіберіп, оны жеп қояды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Игорь12463
Игорь12463
28.06.2020 18:47
Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Қария дегеніміз кім-ол біздің атамыз, ол біздің әжеміз. Олар біздің әке, анамыздың  ата-анасы. Олар біздің қамқоршымыз. От басының тілекшісі. Мен жазда атам мен әжеме барғанда олар менің келгеніме қатты қуанды. Барлық сақтаған дәмді тағамдарын алдыма тосты. Олар маған үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ата- баба дәстүрін сақтау туралы көп тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты. Мен атам мен әжеме рахметімді айттым. Олардың ақылын аяқ асты етпей, өмірде орнымен қолданамын. Ата, әжеме зор денсаулық тілеймін.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота