АЙТЫЛЫМ 4 -тапсырма. Сұрақтарға сан есімдерді қолданып, жауап бер. 1. Сен Қазақстандағы қандай көл/өзендерді білесің? 2. Олар Қазақстанның қай жерлерінде орналасқан? 3. Ол көл/өзендердің ұзындығы қандай? 4. Сенің облысыңда қандай көл/өзен бар? 5. Ол көл/өзендерге барып көрдің бе? 6. Олардың атының шығу тарихын білесің бе? 7. Олардың ұзындығы мен тереңдігі қандай? 8. Көл мен өзеннің қандай айырмашылығы бар?
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O
-Тағы да біз металл және металл еместерді көріп тұрмыз, бұл жиынтықты бізге археолог әйел сыйлаған болатын.
-Жомарт әйел, оған рахмет
-Енді біз тау-кен техникумының қайнар көзі болып табылатын директорлардың суреттерін тамашалаймыз.
-Ең ұзақ уақыт аралығында директор болған кім?
-Куценко, енді біздің мұғалімдеріміздің суреттерін қараймыз
-Міне Әлия Бейсенбаева, әне Сәуле Ибраевна, әлі тым жас , ал біздің куратор Андрей Серикович қайда?
-Оның жұмыс істеп жүргеніне тек 2 жыл болды, сондықтан біз оның суретін қоймадық. Сізге ұнады ма?
-Иә, өте