В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
hadaevbogdan
hadaevbogdan
17.11.2022 17:15 •  Қазақ тiлi

АЙТЫЛЫМ мейді».
8-тапсырма. Жазба мұраның маңызын көрсететін мақал-мәтелді тауып,
мағынасын түсіндір. Мысалы: «Жақсының аты, ғалымның хаты -​

Показать ответ
Ответ:
alinamalinavkjkjh
alinamalinavkjkjh
27.01.2022 15:31

1) Септік жалғу.                  2) Тәуелдік жалғау.                       3)Жіктік жалғау.

А.с.   Жазба                            1) жақ. Мен Батырмын              Біздер Ғалымдарымыз   

І.с.    Жазбаның                      2) жақ. Сен Батырсың               Сендер Ғалымдарыныс

Б.с.    Жазбаға                                    Сіз Батырыңыз              Сіздер Ғалымдарыныз

Т.с.    Жазбаны                      3) жақ.  Ол Батыр                       Олар Ғалымдар

Ж.с.   Жазбада

Ш.с.   Жазбадан

К.с.    Жазбамен

0,0(0 оценок)
Ответ:
BOMJangLOX
BOMJangLOX
03.11.2022 05:22

Орал - менің туған қалам

Орал Қазақстанның көне қаласы, Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Қала Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, үш жағынан Жайықтың, Шағанның суларымен қоршалған. Жалпы аумағы 700 ш.ш. құрайды. Қаланың аты әлденеше рет өзгерді. Қазақтар "Теке", "Орал" десе, ал орыстар "Яицкий городок", "Уральск" деп атаған.

1775 жылы Пугачев көтерілісін халықтың жадынан мүлдем шығарып, ұмыттыру мақсатында патшайым өзінің жарлығымен "Яицкий городок" атауын "Уральск" деп өзгертті.

Ежелгі ғасырларда қала маңында көшпелі тайпалар исседондар, сарматтар мекендеген. Орта ғасырда осы тұстан Шығыстан Батысқа қарай ең қысқа сауда жолы төселді.

Қала төңірегінде әр кезеңде мекендеген халықтардан, тайпалардан түрлі қалашықтар, тастан жасалынған мүсіндер, арба дөңгелегінің іздері, саз балшықтан жасалынған ыдыс-аяқтар секілді естеліктер қалған. Соңғы жылдары қала аймағынан табылған археологиялық қазба-ларға қарағанда, бұл жерде XIII ғасырда негізі қаланған, Алтын Орданың өркендеуі кезінде қала болды деген жорамал бар. Орта ғасырлық қаланың негізгі тұрғындары кіші жуз қазақтарының ең жақын тегі болып есептелетін ноғай-алшындар болған.Тарихи мәліметтерге қарағанда: ноғай-алшындардың басшысы Ормамбет бухар жаугер-шілігінен қорғану үшін 1598 жылы орыстарға мықты қалашық-қамал салдырып, артынан өз қалауынша бұздырып тастаған. Қалада Алтын Орда, ноғай-алшындардың тіршілігімен байланыстыратын жерлер бар. Бұндай жерлерге Хан тоғайы және Басқақ көпірі жатады (Басқақ Алтын Орда ханының наместнигісалық жинаушысы). Хан тоғайы ерте заманнан қыпшақ хандарының жазғы көшпелі орны және жазғы тұрағы болып келді. Бұл жерде мұсылман ғұламасы жерленгендіктен қасиетті орын болып саналады. Маңызды оқиғалар кезінде түркі тілдес халықтардың өкілдері осы жерге жиналып, халық тағдыры, бейбітшілік және туыстық мәселелерін шешкен.

1920 жылы Казақ АССР-нің жариялануымен Орал Қазақстанның Батыс бөлігіндегі әкімшілік орталығы болды. Қаланың тамаша тартымды сәулеті бар.

Қаланың көне сәулетімен танысқанда, мұсылмандық Шығыс рухында саланған түрлі бағыттағы құрылыстарды кездестіруге болады.

Орал әдемі үйлермен, магистральді жолдармен, жылдар бойы сақталып келе жатқан тарихи-сәулет ескерткіштерімен Қазақстанның Батыс аймағындағы сәнді қақпасына айналды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері Орал көшелері жарқырай тазарып, жаңа әсем үйлер, бостандық пен тә-уелсіздік жолында өмірлерін қиған қайраткерлерінің есімдерін есте сақтау мақсатында тұрғызылған тарихи ескерткіштер пайда болды. Көшелер мен алаңдар империялық, тоталитарлық топонимдерден арылды. Қаланың ерекше жағрапиялық жағдайы оның Шығыс пен Батыстың түрлі әтностарының мәдениетін біріктіруіде.

Орал студенттер қаласы. Лицейлер, колледждер, техникумдар, университеттер әр жыл сайын жаңа талапкерлерді қабылдап, жоғары білімді кадрлар дайындайды. Осында дүниеге келіп немесе қала тарихымен, мәдениетімен тағдырлары етене араласып кеткен, Орал қаласының атағын шығарған ұлы есімдерді атауға болады.

Қиын ғасырлардың қыл бұрауы осында анық сезіледі. Азап шеккен орыс шаруалары көтерілісіне Кіші жүз қазақтары қолдау көрсетті. XVIII қазақ халқының данышпан ұлы Сырым батырдың бастауымен қазақ сарбаздары ұлт-азаттық көтеріліске шықты. 1905 жылы Орал қаласында өткен жалпы қазақтың съезі қазақ халқының саяси тұрғыдан сана-сезімін оятты, "Алаш" саяси партиясын құру идеясы осында қолға алынды. Махамбет, Курмангазы, Дәулеткерей, Мұхит сынды тұлғалар қазақ халқының рухани және мәдени өрлеуіне дем берді. Олардың есімдері Жайық қаласының тарихында алтын әріптермен жазылды. Калалықтар Орал шаһарының өсіп-өркендеуіне еңбектерін арнаған есімдерді әрқашан мақтап тұтады. Жалынды ақын Пушкин қалаға қонақ болып келіп, өзінің мәңгі өлмейтін өлеңдерімен халық жадында сақталды. "Оралға келсең барлығы да жаңа, әрі қызықты, келген қонақты төселген кілем мен жайылған көрпенің үстіне отырғызып, қонақасы жегізіп, қымыз ішпейінше еш жібермейді,"- деп орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой да таңғала жазған. Ашық та зерек В.Даль қазақтардың өміріне ет жақын араласып, тұрмысын, салтдәстүрін терең таныған. Белгілі жазушы В. Короленко шексіз қазақ даласына қарап: "Казақтар құс секілді бағытты біледі. Қазақ халқы өте кеңпейілді"- деп айтып кеткен.

Ұлы М.Шолохов халқымызды қадір тұтып "...Жайықта мен қазақпын..."- деп жырлаған. Жұбан Молдағалиев: «...Жайық бұрынғы өзен емес, Орал да қалашық емес, кала. Ұлы Құрманғазының күйлері сияқты, Жайық та өзінің сарынды жай ағысымен жүйткіп жатыр», деп жыр жырлады.

Орал тарихшылардың этнографтардың, суретшілердің, ғалымдардың, ақын-жазушылардың қызығушылығын әлі де туғызып келеді. Кім бұл жерде бір рет болса, сол мәңгі ұмытылмас әсерде болып тағы да қайтып оралып бір көруді аңсап жүреді...

Ата-бабаларымыз бен қазіргі ұрпақтардың жасампаз ерен еңбектері арқасында қаламыз дамып, көркейіп келеді. Оның өткені мен болашағы көз тартады, айландырады. Мен өз туған қаламды сүйемін және оның көркеюіне бар үлесімді қосамын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота