АЙТЫЛЫМ пікірталас өткізіңдер.
6-тапсырма. Абай жырлаған табиғатты қазіргі табиғатпен салыстырып,
Пікірталасқа қойылатын талаптар:
- тақырыптан ауытқымау;
- регламент сақтау;
- фактілер мен дәлелдерді ұтымды қолдану;
- сөз әдебін сақтау;
- дұрыс сөйлеу;
- мақал-мәтел, фразеологиялық тіркестерді қолдану;
- өзіндік ойы мен көзқарасын жүйелі түрде жеткізу.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.